Руханият • 16 Желтоқсан, 2019

Шебер-ұстаз тенор домбыра жасаудан шеберлік дәрісін өткізді

1618 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өнертанушы-зерттеуші ғалым Болат Сарыбаев пен Оразғазы Бейсенбекұлынан тәлім алған, бүгінде өзі шәкірт тәрбиелеп, өнердің бәйгесіне қосып жүрген шебер-ұстаздың дәрісі тәлімгерлер үшін бағалы.

Шебер-ұстаз тенор домбыра жасаудан шеберлік дәрісін өткізді

Жоғарғы санатты шебер-оқытушы Мақсұт Ибадуллаев сыныптан тыс кезде де студенттердің шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына күш-жігерін аяған емес. Осы жолы да аса дайындықпен келген Мақсұт Жолдасұлы Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің өңдірістік оқыту шеберханасында «Тенор домбыраның негізгі бөліктері» шеберлік сағатын  өнертанушы-зерттеуші ғалым Болат Сарыбаевтың орындауында ұлттық музыкалық аспаптарының бірнеше аудио жазбасын тыңдаудан бастады.  Музыканың үнінен аспаптың өзіне тән ерекшелігін аңғаруға болатынын, сондай-ақ қазақ халқының кең тараған музыкалық аспабы тенор-домбыраның негізгі бөліктерінің атауларын, атқаратын қызметін, өлшемдерін, жасалатын ағаш материалдары туралы кеңінен ақпарат беріп өтті. 

Домбыраның негізгі бөліктері

домбыра

 

Тенор домбыраның негізгі бөліктері және  құрылысының сызбасы:

Басы – ұзындығы – 90 мм, қалыңдығы –10 мм қатты ағаштан жасалады.

Дайындамасының ұзындығы -160 мм. Оған құлақтарды орнатады.  

Мойыны – ұзындығы - 480 мм, жұмсақ ағаштарға қатты ағаштан өзек салып жасайды. Мойын, домбыра кеудесінің шанақтарын, мойын жапсырманы және басы жапсырылатын негізгі бөлшектің бірі.

Кеудесі – ұзындығы – 400 мм, ені – 240 мм, биіктігі – 120 мм, тұтас ағаштан шауып немесе 7 не 9 шанақтан құрастырып жасайды. Шанақты қатты ағаштан кесіп дайындайды. 

Домбыраның мойынын, аркасын, түйме тұғырын жасап, қалыпқа орнату. Шанақтарын арнайы пеште, қалыпқа сәйкес ию, шанақтарды өлшемдері бойынша белгілеп, кесу, шанақтарды жонып, сүргілеу.

Домбыраның кеудесін құрастыру, шанақтарды желіммен біріктіріп, байлау Домбыраның мойын жапсырмасы мен беттақтайын желіммен жапсырып, байлау. Кепкеннен кейін өңдеу.

 АЛМАТЫ