Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Ақпараттық топ Алматы жастарымен кездесті

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

         Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» жобасы аясында жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Ақпараттық топ Алматы жастарымен кездесті

Бұл бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын ілгерілетуде жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды көздейді.

Аталмыш жоба бойынша жұмыс істейтін ақпараттық топ жақында  Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация, Әділет және жаңа технологиялар колледжінде іс-шаралар кешенін жалғастырды.

Жалпы Жоба бойынша ақпараттық құрамында профессор, ғалым, қоғам қайраткері,  Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, «Парасат» орденінің иегері Асылы Осман, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Зейінәбіл Айдарбеков, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов, ақын Дәулетбек Байтұрсын, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, Алматы қаласы Қоғамдық президуим кеңесінің мүшесі  Сагымбекова Майра , Қазақ-Түрік білім, ғылым және зерттеу қауымдастығының төрағасы, «Қазақ елі» жорналының бас редакторы, тарихшы Динчтүрк Шабан Серкан, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты, журналист  Мәрия Майлықұтова, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Өскенбай Ташенов, жазушы-этнограф Баяхмет Жұмабайұлы, Түркімен мәдени орталығының басшысы Гүлнара Аннакулиева, Экономика  ғылымдарының кандидаты Роза Мұратова, «DATUB» түрік этно-мәдени орталығының кеңесшісі, продюсер, композитор, дирижер, ҚХА-ның мүшесі Сабир Гусейнов сынды зиялы қауым өкілдері бар.

Осы бастаманың аясындағы «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» мәдени-ағартушылық лекторийлері, Буккроссинг, Book Dating, «Таланттарды таныту» шаралары мен  «Ұлы дала өнері» атты көрме, «Сандық Қазақстан – болашаққа көзқарас» айдарымен жастар арасында цифрлық жаңалықтарды таныстыру және жастардың инновациялық жобаларын қолдау мақсатында өткен «Цифрлан, трендте бол!» акциясы және тағы басқа жалғасты шараларға қатысқан 500-ден аса жас өздеріне пайдалы мағлұматтар алды.