27 Шілде, 2013

Ынтымақтастық кеңесінің отызыншы отырысы

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық кеңесі өзінің отызыншы отырысын өткізді. Отырыс ЕО делегациясының басшысы ретінде Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюстің төрағалық етуімен болды.

Қазақстан делегациясын Қа­зақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев басқарды. Отырысқа сон­дай-ақ Еуропа Сыртқы байланыс қыз­метінің бас операциялық ди­рек­торы О’Салливэн мен ЕО-ның Ор­талық Азия бойынша Арнайы өкілі Патриция Флор ханым қатысты.

Ынтымақтастық кеңесі бірқатар салалардағы қатынастарды нығайту үшін екі тараптың айтарлықтай жұ­мыс атқарғанын растады жəне 2011 жылғы маусымда өткен ЕО мен Қазақстан арасындағы Ынты­мақ­тас­тық кеңесінің он екінші отырысынан кейінгі кезең ішіндегі қызметке баға берді. Ынтымақтастық кеңесі келіс­сөздердің жалғасатынына жəне Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы əріптестік пен ынты­мақ­тастық туралы жаңа кеңейтіл­ген келісімнің жасалатынына қызы­ғушылығын қуаттады.

Ынтымақтас­тық кеңесі өңір­лік те, сондай-ақ ұлттық деңгейде де Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясын кешенді іске асырудың маңыздылығы туралы тағы да мəлімдеді жəне Қазақстанның Орталық Азия бойынша ЕО өңірлік бастамаларына қатысатынын құптады. Құқық үстемдігі, білім беру мен қоршаған орта сияқты нақты бастамаларға қатысты ахуалды дамыту жайы талқыланды.

Ынтымақтастық кеңесі екі тарап үшін де маңызды болып отырған бірқатар мәселелерді талқылады, атап айтқанда, саяси реформалар, құқық үстемдігі мен адам құқығы, сауда-экономикалық қатынастар, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық (су, энергетика және қоршаған ортаны қоса алғанда) және халықаралық мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

Кеңес Қазақстанның Бүкіләлем­дік сауда ұйымына кіруі туралы ке­ліс­сөздердің оң нәтижелерін құптады. ЕО Қазақстан Республикасының БСҰ-ға мүшелігіне қолдау көрсетті, ол қалған саудалық тосқауылдарды еңсеруге көмектеседі және екіжақты сауданы барынша ұлғайтуға ұмтылады.

Кеңес Орталық Азиядағы өңір­лік ынтымақтастықты және Ауған­станды қоса алғанда, халықаралық мәселелерді талқылады. Ынты­мақ­тастық кеңесі өңірдегі жанжалдардың алдын алу және әлеуметтік-эконо­ми­калық дамудың тиімді тәсілі ретінде Орталық Азиядағы өңірлік ынты­мақтастықтың маңыздылығын атап көрсетті. Осы мән-мәтінде Ынтымақтастық кеңесі Орталық Азия әріптестерін су ресурстарын басқаруға, өңірдегі қауіпсіздік пен энергетика мәселелеріне қатысты тұрақты шешімді іздеуге шақырды. Өйткені, бұл барлық мүдделерді ескеруге және өңірдегі бірлікті сақтауға жәрдемдесер еді.

«Егемен-ақпарат».