Статистика сараптауларына сенсек, аймақтағы ең жоғарғы жалақы қаржы саласы мен сақтандыру қызметкерлеріне тиесілі. Олардың айлығы – 211 241 теңге. Ал ең төменгі, 78 939 теңге жалақыны әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында еңбек ететіндер алады.
Сондай-ақ Іле ауданы аумағында жұмыс істейтін тұрғындар облыстың басқа аудандарына қарағанда көп табыс табады екен. Айлық кіріс көзі – 185 633 теңге шамасында. Бұл облыстағы орташа көрсеткіштен 35,4 процентке жоғары дейді мамандар. Ал табысы төмен еңбеккерлердің үлесі Балқаш ауданында байқалған. Өңірдегі жалақы 103 573 теңге шамасында және бұл облыстық орташа деңгейден 24,4 процентке төмен болып отыр.