Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019

Алматы облысындағы аудан орталығында кәріз жүйесі жұмыс істемейді

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында шешімін күткен бірқатар мәселе бар. Ауыл тұрғындары әлі күнге дейін орталық кәріз жүйесінінің жөнделмегенін, көпқабатты үйлердің иесіз тұрғанын айтып шағымдануда.

Алматы облысындағы аудан орталығында кәріз жүйесі жұмыс істемейді

Заманында Жетісудағы қант өндірісінің негізгі үлесін құраған зауыттың бірі осы Қарабұлақ ауылында орналасқан еді. Қазір өндіріс жұмыс істемейді. Кезінде салынған ғимараттар енді әлеуметтік мәселеге арқау болып тұр. Мысалы, қант зауытының жұмысшыларына арналған 30 пәтерлі тұрғын үй 1990 жылдан бері қараусыз тұр. Қазір барлық инженерлік желілер ажыратылған. Бірақ, аудан әкімдігі бұл көп қабатты үйге күрделі жөндеу жүргізе алмай отыр. Себебі, ғимарат иесіз деп танылмағанымен, пәтер иелерінің қолында заңды құжат бары кедергі болуда. Ал меншік егелері әкімдіктің талабына мойынұсынар емес. Мәселе бойынша бірнеше рет сот отырысы өткенімен, іс нақты шешімін тапқан жоқ.

Ал осы ауылдың байырғы тұрғыны Елена Великая орталық кәріз жүйесінің тозып кеткенін айтады.

- Кәріз жүйесінен шыққан ағынды су жыл бойы Жапсарбаев көшесінің бойымен қант зауытының фильтрлеу алқабына дейін ағып жатады. Жағымсыз иіс жер-көкті алып кетеді. Бұл мәселеден облыс әкіміне дейін хабардар. Бізге жобалық-сметалық құжат дайындауға бюджеттік тапсырыс берілгенін айтқан, тек кәріз жүйесінің күрделі жөндеуі тезірек басталса екен, - дейді ауыл тұрғыны.