Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ҮЕҰ арасында байқау өтті

228 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыруға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ҮЕҰ арасында байқау өтті

 Іс-шараларға Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Jas Otan» Жастар қанаты, «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі, «Маңғыстау облысының өрттен-құтқару спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Балаларға арналған денсаулық» қоғамдық бірлестігі, «Луара» қоғамдық қоры, «Алас құқықтық қамсыздандыру орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі сынды 8 үкіметтік емес ұйымдармен ат салысты.

Бірлесіп атқарылған жұмыстар нәтижесі сараланып 2019 жылғы Маңғыстау облыс Төтенше жағдайлар департаментінің «Үздік әлеуметтік серіктес» атағын «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты иеленді.

«Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесіп ағымдағы жылы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

- Олардың бірегейі 2019 жылдың жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі мен улы газдан сақтану шараларын түсіндіру бойынша 708 тұрғынды қамтыған 9 аулаларды аралау, әлеуметтік осал топтарына жататын 78 тұрғындарға 10 рейд шаралары, өрт сөндіру бөлімдері мен өрт-техникалық орталықтарына 1000 баланы қамтыған 7 саяхат, автокөліктердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 10 түсіндіру шаралары ұйымдастырылды, ғимараттан қауіпсіз жерге эвакуациялауды үйрету мақсатында 457 адамды қамтыған 5 жаттығу жұмыстары, 789 адамды қамтыған 21 дәріс және әңгімелесу жұмыстары, Департамент базасында 242 адамды қамтыған 8 ашық есік күні өтті.

2019 жылғы наурыз айында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының волонтерлерінің қатысуымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспар-графигіне сәйкес наурыз айында Маңғыстау облысында Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған айлығы атап өтілді.

Ағымдағы жылдың 18 наурызы мен 18 сәуір аралығында «Табиғат – өмір негізі» атты акциясы, 13 мамырында ойын-сауық орталықтары мен саябақтарда өткен «Балаларды жалғыз қалдырмаңдар» атты акция аясында профилактикалық әңгімелесу өтті. Сондай-ақ 28 тамызда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты белсенділерінің қатысуымен сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды және 8 қазанда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты белсенділерімен бірлесіп «Ақтау» ойын-сауық орталығының кинотеатр залында орта мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстары мен тәжірибелік сабақтары өтті, дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысы Г.Ходжабекова.