Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда полицейлер марапатталды

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінде мерекелік шара өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда полицейлер марапатталды

Мемлекеттік Әнұранмен ашылған концерт барысында атаулы күнге байланысты арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Департамент басшысы Қ.Таймерденов Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың атынан келген құттықтау хатын жеке құрамға жеткізіп, министрдің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты:

- ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция подполковнигі Н. Мұханбетқалиға мерзімінен бұрын «полковник» арнайы атағы берілді;

- Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны О.Аховқа «майор» арнайы атағы берілді;

- ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М. Омаров «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Өзге де полицейлер жоғары наградалармен марапатталды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ. Жұмашев мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты сақтауда өз қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Маңғыстау облысы әкімінің Алғысын жариялады.

Шара соңы М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясы өнерпаздарының және ІІО қызметкерлерінің концертімен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45