Экономика • 18 Желтоқсан, 2019

Ақтөбе мен Италия арасындағы тауар айналымы арта түседі

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өндірісі өркен жайған Ақтөбе аймағында тоғыз жүзге жуық шетелдік компания тіркелген. Өңір экономикасының көкжиегін көтеруге осыншама шетелдік капиталдың қатысуы салықтық базаның ұлғая түсуіне оң әсерін тигізуде.

Ақтөбе мен Италия арасындағы тауар айналымы арта түседі

Соңғы кездері шетелдік инвестициялар тарту көлемі жөнінен Ақтөбе облысы ел өңірлері арасында алдыңғы орынға шыққан болса, бұған жоғарыда айтылғандай жағымды фактордың да ықпалы болғаны анық.

Ақтөбелік атқарушы органдар сонау жер түбіндегі Италия мемлекетімен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мұның басты көрінісі бұл аймақта қолдың бес саусағындай бес италияндық компанияның қызмет жасап жүргендігі. Мұндай екі жақты байланыстардың нәтижесі екі жақтағы тауар айналымының өсуіне де алғышарт қалады. Биылғы 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша оның көлемі 130 миллионға жуық АҚШ долларын құрады.

Әрине мұның мүмкіндік шегі дей алмас едік. Сондықтан да Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Паскуале Д'Авино мен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің кездесуі кезінде екі жақты байланыстарды одан әрі тереңдету. Әрі қаржылық-экономикалық тұрғыдан өзге гумманитарлық-мәдени салаларда да сапалық өзгерістер жасау жөнінде ұйғарымдар жасалды.

 

Ақтөбе