Руханият • 19 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 27

3633 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Күлкі керуені № 27

БІРДЕ...

Сайлау кезінде Брежнев  Грузияға келіп ауыл аралап жүріп бір қой жетектеп бара жатқанды  тоқтатып:

– Генацвале, қойыңды сатшы?! – дейді сынап.

– Ал, таңдаңыз, – дейді анау жападан-жалғыз қойын алдына тартып.

– Не таңдайтыны бар, қойың біреу ғана ғой.

– Сіз де бір өзіңіз, біз де сізді таңдап сайлап жатыр емеспіз бе...

***

Шерлок Холмас пен доктор Ватсон бірде қала сыртында палатка тігіп алып түнеп жатыпты. Түн ортасында Ватсон Холмсты түртіп оятып, төбеден төніп тұрған жұлдызды  нұсқап:

– Сонау шоқ жұлдыз бізге бір нәрсені  меңземей ме? – деп сұрапты.

–  Жоқ-а... Не, сізге бір белгі бере ме?

– Маған ол айтады: сіздердің палаткілеріңіз қолды болып кетті дейді...

 

***

Чарли Чаплиннің өнеріне тәнті болып, ол ойнаған рөлдерге риза болып жүретін Альберт Эйнштейн бірде оған: «Сіздің қай киноңызды алсақ та бүкіл елге түсінікті ғажап дүние. Сіз көп өтпей ұлы адамдардың қатарынан орын аласыз» – деп хат жазып жіберіпті.

Бұны оқыған Чарли Чаплин бірден: «Мен сізді мақтан тұтамын, бас иемін. Сіздің салыстырмалы теорияңыз көпшілікке түсініксіз дүние болса да, сіз қазірдің өзінде ұлы адамдардың қатарындасыз» деп жауап хат жазып жіберіпті.

***

Бір әйел бірде Бернард Шоудан:

– Аллатағала неге алдымен еркекті, содан соң барып әйелді жаратты екен? – деп сынай сұрағанда, ұлы жазушы: – Е, еркекті жаратқан кезде әйел жарықтық ақыл айтып мазаламасын деген болу керек, – деп мысқылдай жауап қайтарыпты.

***

Ағылшын астрономы Джон Гершель түн мезгілінде аспан әлеміне көз тігіп жұмыс істеп отырғанда үй сыпырушы әйел тақап келіп: – Гершель мырза, айтыңызшы, басқа планеталарда да күл-қоқыс бола ма екен осы? – деп кекесін сұрақ қойғанда, ғалым: – Дөп басып айта алмаймын, бірақ онда ойлы адамдар болса, күл-қоқыс, әрине, болады, – деген екен.