Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019

Салық бойынша қарыздарды өтеу үшін 13 күн қалды

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салық бойынша қарыздарды өтеу үшін 13 күн қалды

«Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы – 99 021ЖТ, Түркістан облысы – 71 163 ЖТ, Шымкент қаласы – 47 867 ЖТ және Нұр -Сұлтан қаласы 46 194 ЖТ. Ең аз жеке тұлғалардың Атырау облысы – 16 413, Қызылорда облысы – 15 823 және ШҚО – 13 439 ЖТ.

Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша – 1041,2 млн теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн теңге, Нұр-Сүлтан қаласы 168,7 млн тг Алматы облысы бойынша – 151,7 млн теңге есептен шығарылды. Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 45,4 млн теңге, Жамбыл облысы бойынша – 38,7 млн, Қостанай облысы – 39,3 млн теңге, ШҚО – 36,7 млн теңге есептелінді. Мемлекеттік кіріс органдарының БАҚ үлгі-насихат жұмыстары, өңірлерде және де орталық деңгейде «салықтық рақымшылық» акциясы бойынша семинарлар жалғасуда.

Айта кетейік, 01.01.2019 жылғы жағдай бойынша берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны 13,9 млрд теңгеге және негізгі борыш бойынша берешек сомасы 6,3 млрд теңгеге өсім сомасы бар шамамен 1,4 млн адамды құрады, барлығы 20,2 млрд теңге.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін келесі сілтеме бойынша біле алады: http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web ескерту», делінген хабарламада.