Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019

Солтүстік Қазақстанда өрт жиілеп кетті

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы  күндері  ғана облыс аумағында 9 өрт  шығу фактісі тіркеліп, 1 адам мерт болып, 1 адамды ауыр күйік шалған.

Солтүстік Қазақстанда өрт жиілеп кетті

Өрттің 3-еуі Петропавл қаласында , қалғандары  аудандарда орын алған. Мүсірепов ауданында  жеңіл автокөлік қызыл жалынға оранса, Мамлют ауданында монша түгі қалмай жанып кеткен. Ал  облыс орталығының Жұмысшы кентінде орналасқан  8 март көшесіндегі үйлердің бірінде электрсымдарының қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Салдарынан 80 жастағы қария көз жұмса, ұлы  ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

«Петропавл қаласында көп қабатты отбасылық жатақхана  өртенді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. 10 адам құтқарылып, 50 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Адамдар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай бермегендіктен осындай оқыс оқиғалар жиі туындап жатады», дейді төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басқарма басшысы Игорь Балеев.