Медицина • 19 Желтоқсан, 2019

Жамбыл облысының Талас ауданында медпункт ашылды

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай, Талас ауданының Үшарал ауылында медициналық пункт ашылды.

Жамбыл облысының Талас ауданында медпункт ашылды

Аталған мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтеріп отыр. Ел игілігіне берілген нысанның ашылу салтанатына Талас ауданы әкімінің орынбасары Серік Дадабаев қатысып, Үшарал ауылы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. «Бүгінгі игілікті істі ел Тәуелсіздігінің жемісі деп түсінуіміз керек. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ, тұрғылықты жерден ем алуға мүмкіндік алып отыр», деді ол.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарын құттықтап, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ ауыл ардагері Әмірбек Омаров Үшарал тұрғындарының алғысын жеткізіп, өзінің мерекелік лебізін білдірді. Күн санап көркейіп келе жатқан еліміздің жетістіктері туралы әңгімеледі.

Аталған медициналық пункттің құрылысын «Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Шара барысында серіктестік директоры символикалық кілтті салтанатты жағдайда табыс етті.