Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019

Маңғыстау облысында «Жас тұлпар-2019» жастар сыйлығы табысталды

545 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас тұлпар-2019» облыстық жастар премиясын табыстау шарасы өтті деп хабарлады Маңғыстау облыстық  «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі».

Маңғыстау облысында «Жас тұлпар-2019» жастар сыйлығы табысталды

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясаты саласының дамуына үлес қосып, сантүрлі саланың тізгінін ұстаған жастарды ынталандыру мақсатында өткен салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін сөз ете отырып, Маңғыстаулық жастарға ыстық ықыласын жеткізді. Үздік жастарға дәстүрлі «Жас тұлпар-2019» Маңғыстау облыстық жастар премиясын табыс етті.

«Маңғыстау мақтанышы» арнайы номинациясымен қазақ эстрадасының жас әншісі, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Б.Ретбаев, композитор А.Құрманов, дәстүрлі әнші Н.Асқанов, сонымен қатар «Боранқұл» жайдарман тобы және «Өзенмұнайгаз» құрамасы марапатталды.

«Жомарт жүрек» номинациясына қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастырушы Ерлан Ерубаев, «Бейбіт кезең батыры»номинациясына Ақтау қаласында 10 қабаттан секірмекші болған әйел адамды, сонымен қоса Каспий теңізіне батып бара жатқан жасқызды құтқарып, жақындарымен қайта қауышуына үлес қосқанТимур Жұмалиев лайық деп танылды.

«Жас тұлпар-2019» Маңғыстау облыстық жастар премиясының конкурстық комиссиясының шешімімен:

«Үздік жас спортшы» номинациясы Жұбатқан Нұрсұлтан Манарбекұлына, «Мұнай саласының үздік жас маманы» номинациясы  Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлына, «Үздік жас журналист» номинациясы Мереке Үсембайұлы Мусаевқа,«Үздік волонтер» номинациясы Тайжанов Нұрлығасыр Жанабайұлына, «Жас ақын» номинациясы Дүйсенов Еділбек Медетұлына, «Жас дарын» номинациясы Масжанов Серіжан Серікұлына,«Жас өнертапқыш» номинациясы Қуанова Айнұр Айсақызына, «Жас көшбасшы» номинациясы Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлына берілді.

Өңірде «Жас тұлпар» Маңғыстау облыстық жастар премиясын табыстау шарасы 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.