Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Алакөл ауданының шаруалары 41,1 млрд теңгенің өнімін өндірді

934 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Алакөл ауданы өңірдегі туризмнің Отаны ғана емес, еңбегі еселенген диқан мен шаруаның мекені. Өткен 11 ай аралығында ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 39 млрд 50 млн теңгеден асты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 41,1 млрд теңгеге жетпек.

Алакөл ауданының шаруалары 41,1 млрд теңгенің өнімін өндірді

Аудан экономикасының тағы бір арқа сүйері шағын және орта кәсіпкерлік болып отыр. Биыл оның жергілікті бюджеттегі үлесі 52,4 процентке жетті. Ал жергілікті 4 млрд теңгенің шамасында құралады екен. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін барлық бюджет көлемі былтырғымен салыстырғанда 10 процентке өсіп, жалпы сома 6 млрд 308 млн теңгеге орындалады.

- Ауданның өнеркәсіп саласындағы он бір айлық өсім 8 млрд 613 млн теңгенің өнімі өндірілді. Яғни, заттай көлем индексі 103,9 процентті құрады. Бұйырса, жыл аяғына дейін өндірістің табысын 10 млрд 720 млн теңгеге орындап, заттай көлем индексі 103,5 процентке жетеді деп отырмыз. Аудан экономикасына негізгі түсім әкеліп отырған бағыттарының бірі туризм саласы екенін мақтанышпен айтамыз. Бұл – біздің ғана емес, еліміздің жетістігі. Мемлекет туризмді дамытуға ерекше көңіл боліп отыр. Біз үшін өңірді дамыту – әлемдік бәсекеге қабілетті кеңістікке енудің жолы. Ал  Алакөл демалыс аймағында күніне 23714 туристке қызмет көрсететін 244 демалыс орыны жұмыс істейді, - дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.

 

 

Алматы облысы