Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов атап өткендей, бұл тұрғын үйге мұқтаж отбасылар үшін айтарлықтай көмек.
– Менің ойымша, біздің өңірдегі абаттандыру мен құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бұл жұмыстың негізгі ұстанымының бірі – барлық азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, – деді қала басшысы.
Жаңадан берілген пәтерлер қалпына келтірілген үйде орналасқан. Қазіргі таңда мұнда дәрігерлер тұрып жатыр. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін аталған тұрғын үйден пәтерлер жалға беріледі.
Облыс басшысы Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша 2020 жылы өңірдегі құрылыс көлемі 1,5 есеге ұлғаймақшы. Мұның өзі кезекті қысқартуға және жақын арадағы бірнеше жылда халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық өкілдерін баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы