-Ұйымдасқан ұрылардың тобында 4 адам болған. Олар Жамбыл ауданының Қарғалы, Ұзынағаш, Қайназар ауылдарында үй тонаумен айналысқан. Негізінен ауқатты үйлерді торуылдап, ақша, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техниканы үптеп кетіп отырған. Қазір ұсталғандардың 16 ұрлық оқиғасына қатысы бары анықталды. Ұрылар қамауға алынды, дейді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.
Сондай-ақ Талғар ауданының полицейлері 2 жыл бойы ұстатпай жүрген ұрыны құрықтады. 45 жастағы «әккі ұры» Талғар, Іле ауданы аумағында үй тонаумен айналысып келген екен. Қылмыскерді ұстауға тәртіп сақшыларына «Жаңа Қуат» коттеджді қалашығының тұрғындары жәрдемдескен. Күдіктінің ұрлық, тонауға қатысты 28 оқиғаға қатысы бары дәлелденіпті.