Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» институты облыстық филиалында Педагогикалық идеялар панорамасы атты» республикалық байқаудың жеңімпаздары мен  жүлдегерлерін  марапаттау рәсімі өтті.

Республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Конкурстың нәтижесі бойынша солтүстікқазақстандық педагогтар 14 жүлделі орынды, оның ішінде, 5 – бірінші, 3 - екінші, 6 - үшінші орынды иеленді.  Байқауға барлық деңгейдегі білім беру ұжымдары: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, қосымша білім беру мекемелерінің ұстаздары, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің профессор-оқытушылары қатысып, өз бақтарын сынады.

Салтанатты марапаттау рәсіміне «Атамекен» кәсіпкер палатасының, білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының, қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының, «Білім» партиялық ұйымының өкілдері қатысты.

Жиынның ашылуында сөз алған филиал директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алма Мурзалинова  конкурстың  маңыздылығы мен өзектілігін ерекше атап өтті.

Байқаудың  66 қатысушысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» институтының  алғыс хаттары табыс етілді. Бір топ мұғалім  «Өзекті оқыту», «Үздік технологиялық шешім», «Үздік креативті-педагогикалық шешім», «Білім алушылар және тәрибиеленушілермен үздік педагогикалық ынтымақтастық», «Педагогикалық тәжірибеде «Рухани Жаңғыру» идеясын үздік жүзеге асыру»,  «Педагогикалық мамандыққа адалдық және педагог мәртебесін арттыруға ықпал ету», тағы басқа аталымдар бойынша  дипломдармен марапатталды.

Айнұр Қайсенова «Бастауыш сынып», Нұргүл Исимбаева «Қазақ тілі мен әдебиеті», Алексей Кособоков «Биология» бағыттары бойынша бірінші орынды жеңіп алды.