Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Қарағандыда «Senim 109» байланыс орталығы жұмыс істей бастады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында «Senim 109» бірыңғай байланыс орталығы сынамалы режімде жұмыс істей бастады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда «Senim 109» байланыс орталығы жұмыс істей бастады

Бұл жерде қала тұрғындары коммуналдық мәселелерге, медициналық қызметтерге, білім беру, қоғамдық көлік жұмысына және басқа да проблемаларға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын және шағымдарын айта ала алады.

Барлық өтініштерді мамандар өңдеп, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп отырады. Мекемелер шағымның себебін қысқа мерзімде анықтап, кемшіліктерді жоюға міндетті болады.

Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан «109» нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады. Жүйеге Қарағанды қаласының 60-тан астам мемлекеттік мекемесі тіркелген. Операторлар демалыс және мереке күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жауап береді.

Сондай-ақ байланыс орталығына Facebook әлеуметтік желісіндегі «Senim 109» парақшасы арқылы шығып, хабарласуға болады. Әлеуметтік желілердегі барлық хабарламалар #senim109 хэштегімен белгіленіп, 25 символдан кем болмауы тиіс. Шағым мен ұсынысты senim109.kz Telegram бот-қа және senim109.kz интернет-порталына жіберуге мүмкіндік бар.

Әзірге бірыңғай байланыс орталығының қызметі қарағандылықтардан ғана өтініштер қабылдай алады. Алдағы уақытта сервисті облыстың барлық тұрғындары үшін қолжетімді ету жоспарда бар.