Қазақстанның барлық аумағынан жиналған 90 астам мықты спортшылар бақ сынады. Жарыс бағдарламасы спринт, орта және алыс қашықтыққа бағындырудан тұрды.
Қарулы Күштердің атынан армиялық спортшы-бағдаршы капитан Денис Власов, лейтенант Эльмира Молдашева, сержант Мария Вламова, ефрейтор Дмитрий Адамович пен ефрейтор Азат Назыров қатысты.
«Армияшылар жақсы өнер мен нәтиже көрсетті. Жергілікті аумақта спорттық бағдарлау-бұл тек қана шаңғы дайындығынан тұрмайды, сонымен қатар интелектуалды спорт түрі. Арақашықтықты уақыт ында бағындырып қоймай, ең тиімді жолын табу мен бақылау пункттерін алудан тұрады» деді АОСК спортшысы лейтенант Эльмира Молдашева.