«Жалпы, мен үшін бұл отырыс өте жақсы әсер қалдырды. Маңызды кездесу болды деп санаймын. Өйткені, Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері арасындағы, сондай-ақ әртүрлі комитеттерде талқыланған ұсыныстар Президенттің баяндамасында қандай да бір түрде көрініс тапты» деді Арманжан Байтасов.
Сондай-ақ ол саяси реформаларға, оның ішінде саяси партияларға және митингілерге қатысты ескертулер туралы пікір білдірді.
«Біз қазір біртіндеп дамып жатқан елміз, реформа тұрғысынан алғанда даму эволюциялық түрде жүріп жатыр. Біз өзара келісімге келіп, реформалардың ең дұрыс және түсінікті жолдарын іздестіріп жатырмыз. Бұл өте маңызды» деп атап өтті Медиа Альянс басшысы.
Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексі 130-бабының (Жала жабу) қылмыстық сипат деп танылмауы журналистер жұмысының мүмкіндіктерін кеңейтетін болады.
«130-бапқа қатысты айтар болсам, журналист ретінде, медиа саласының қызметкері ретінде, Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы ретінде, әрине, осы баптың қылмыстық сипаттан алып тасталатыны қуантады. Өйткені сөз бостандығы, менің ойымша, мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді. Осы баптың декриминализациялануы журналистердің батыл жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Журналистік зерттеулер қайта шыға бастайды, журналистер сапалы материалдар дайындауға ұмтылады. Сосын біздің де журналистерді көп оқи бастайды. Сондықтан да, 130-бапты қылмыстық сипаттан алып тастау туралы шешім өте маңызды болды деп санаймын» деді Арманжан Байтасов.