Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту, елді-мекендерді дамыту, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, медициналық көмек алу бойынша сұрақтар қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті

Ильинка тұрғыны А.Досмағамбетова көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстардың адал орындалмағандығын айтты. «Жолды әлі күнге дейін асфальттаған жоқ, мердігер ұйым жұмыстар аяқталатын мерзімді атамай, уақытты жылжытумен болды» деп атап өтті. Жұмыстарды орындаумен «Құлагер» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аудан әкіміне осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Сондай-ақ қабылдауда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелері бойынша бастамашыл топ өкілдері болды. Бұдан бұрын кездесуде оңалту көмегін көрсету жағдайын жақсарту және жасау бойынша 70-ке жуық мәселе талқыланды. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 2 оңалту орталығы, ипподром базасында - иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж салынады. Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында емхана, балабақша, оңалту орталықтары, полиция пункті сияқты әлеуметтік нысандар ашылады. Жыл басынан бері инватакси саны 22 машинадан 46-ға дейін, екі есе артты.

Бес жарым ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған 650-ден тұрғынмен кездесті. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді, қалғандары бақылауға алынды. Сондай-ақ азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтіп жатыр. 11,4 мыңнан астам кеңес берілді, 3.5 мыңнан астам мәселе шешімін тапты.