Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2019

СҚО-да қаруды тіркеу тәртібін бұзған 278 адам жауапқа тартылған

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қ.Тоқаев 25 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Өзгерістер мен толықтырулар азаматтық және қызметтік қару айналымына қатысты.

СҚО-да қаруды тіркеу тәртібін бұзған 278 адам жауапқа тартылған

Атап айтқанда енді қару иелеріне өздерінің қаруын комиссиялық сатуына рұқсат талап етілмейді. Сонымен қатар азаматтық қаруды сақтау және алып жүруге рұқсатты ұзарту қажет емес.

«Қарудың техникалық жағдайы тек тұрғылықты мекен-жайы бойынша жүргізілетін тұрақты тексерістер кезінде тексеріледі, - деп түсіндірді Петропавл қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Қайрат Сейітқұлов.

Полицейлердің айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 486-бабы «Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) немесе оны есепке қою тәртібін бұзу» бойынша ең көп бұзушылықтар жасалады екен. Жыл басынан бері аталған бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке 143 қала тұрғыны, облыс бойынша – 278 адам тартылған. Көп жағдайда қайта тіркеу мерзімдері, сондай-ақ қару иелерінің мекен-жай мәліметтерінің өзгеруі туралы ішкі істер органдарын хабардар етуді талап ететін норма бұзылады.

Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заңнама бойынша толық ақпаратты полицейлер Петропавл қалалық ПБ фронт-офисінен немесе ПБ ӘПБ қару айналымын бақылау жөніндегі бөліміне 8(715) 2 39-48-66 телефон шалу бойынша алуға болатынын хабарлайды.