Қазақстан әскері қорғаныстық тиімді жүйесі мен қазіргі заманға сай, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепілдігі ретінде қалыптасқан. Әскери өкілдіктермен кездесу барысында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаев Қарулы Күштердің 2019 жылғы қызметінің қорытындысы мен келер жылдыңжоспарлары жайлы айтты.
Қазақстандық әскердің даму мен кәсібилігінарттыру, материалдық-техникалық базаны жандандыру, қоғамдағы әскери қызметтің беделі мен абыройын арттыру бойынша іс-шаралардың кешені мақсатты түрде жүргізіледі. Ағымдағы жылы Қарулы Күштерде жедел дайындықтың 100-ден аса және жауынгерлік даярлықтың 7000-нанастам іс-шарасы өткізілген. Оларды өткізу барысында жаңа тактикалық тәсілдердің ізденістері, басқару жүйелерінің даярлығы мен тәжірибені енгізуге басты назар аударылды. Одан бөлек, қазақстандық әскерилер халықаралық оқу-жаттығуларға қатысуды жалғастыратын болады.
Қазақстан Республикасы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы өзінің шетелдік әріптестерімен достық және іскерлік байланысты одан әрі арттыруға ұмтылады. Қорғаныс министрлігі өзінің халықаралық қызметінде барлық елдермен және халықпен бейбітшілікте өмір сүру қағидаларына сәйкес жұмыс жасауда.
Халықаралық қорғаныс тақырыбына келгенде Қазақстанның серіктес-мемлекеттермен бейбітшілікті орнату бойынша бірлесе атқарған жұмысы ескерілді. Бұл туралы мемлекеттің БҰҰ аясында атқарған әрекеттерінен байқауға болады.Қазақстан әріптестердің қолдауымен үнді батальоны құрамында бітімгершілік ротаны Ливанға жіберді. Қазіргі кезде аталған бітімгершілік миссиясына үшінші қазақстандық бітімгершілік ротасы қатысуда. Одан бөлек, БҰҰ миссияларына қатысуға әскери-далалық госпиталі, инженерлік-саперлік және басқа да арнайы бітімгершілік бөлімшелердің қатысуы қарастырылуда.
БҰҰ миссиясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талқылау алаңында тиімдісі бесінші халықаралық симпозиумдағы бітімгершілік үшін технологиялық серіктестік болды. Онда Қазақстан тарапынан бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде барынша қауіпсіз және тиімді әрекет жасау үшін технологиялық құралдармен жаңалықтар бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы 182 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Шетелде 57 қазақстандың елшілік және 24 әскери атташелердің аппаратынан тұратын 31 дипломатиялық мекеме ашылған.Елімізде 95 шетелдік елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс атқарады. Әскери-дипломатиялық корпустың 44 өкілі аккредиттелген.