Экономика • 22 Желтоқсан, 2019

Павлодарлық трактордың бағасы 150 мың доллар

992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы «Инвесторлар үйінде» «KSW Agrotech» ЖШС-ы қытайлық серіктесі «Wan E» компаниясымен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасы трактор құрастыруды қолға алмақ.

Павлодарлық трактордың бағасы 150 мың доллар

Суретті түсірген Ольга Музалевская

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар екі жақты келісімге қол қойылған.

Енді Қытайдан құрастыру желісі жеткізілген соң, тракторларды құрастыру бұрынғы автобаза алаңында жүзеге асырылмақ.

Тракторлардың алғашқы легін 2020 жылдың күзгі жиын-терін жұмыстарына дейін  таныстыру жоспарлануда.

Бұл жобаны үш кезеңге бөлінеді. Жылына 3000 трактор құрастырылады. Жаңадан 50 жұмыс орны құрылады. 2021 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағынан кәсіпорын салуды бастаймыз. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 30 мың трактор құрастыруға жетпек, – дейді «KSW Agrotech» ЖШС өкілдері.

Трактордың құны 130-150 мың доллар болмақ. Кәсіпорын өз тракторларын лизингке беруге және ауыл шаруашылығы өнімдеріне айырбастауға әзір.

Әрине,  сөз жүзінде бәрі жақсы, бәрі жылдам. Бұл әзірге  жоба ғана.

 Ал , жобаның түс емес, шынайы болатынын тек қана уақыт көрсетеді.