Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2019

2020 жыл жақсы жобаларымен қуантады

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, 2020 жылы өңірлік бюджеттің көлемі, республикалық қазынадан бөлінетін трансферттерді есепке алғанда 222,6 млрд теңгені құрайды.

2020 жыл жақсы жобаларымен қуантады

Өңірдің басты қаржылық құжаты облыстық мәслихаттың сесииясында бекітілді.

Білім беру жүйесіне 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау жүйесіне 2,7 млрд теңге көлеміндегі қаржы қарастырылды.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі 1,3 млрд теңгені құрайды. Мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберіндегі дәрілік заттардың тізбесіне енбейтін дәрілік препараттарды сатып алуға 400 миллионтеңгеге жуық қаржы жұмсалады.  

Халықты тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін 7,5 млрд теңге бөлінді, - 3,5 млрд теңге «Нұрлы жер» және «Нұрлы Ертіс» бағдарламалары бойынша коммуналдық тұрғын үй қорының құрылысына бөлінеді.  

Тағы да 2,5 млрд теңге «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайтып, «Достық» шағын ауданында 216 пәтерлік екі тұрғын үй салуға бөлінді.

Ақсу қаласындағы №2 жатақхананың құрылысы мен «Достық» шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді аяқтау үшін 668 млн теңге бағытталады.  

Келесі жылы «Сарыарқа» және «Затон» шағын аудандарында екі мектеп, сондай-ақ, Абай атындағы №10 лицей-мектебіне қосымша блок салу жоспарланып отыр.

Ақсу қаласы Үштерек ауылындағы балабақша мен Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында бастауыш мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізіліп, облыс орталығындағыы №3 мектеп-гимназиясының спорт және мәжіліс залдарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленеді.

2020 жылы Дене шынықтыру және спорт саласын дамыту шеңберінде Мойылды кенті мен Ақсу қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, Тереңкөл ауылында хоккей   кортының құрылысы мен Ақсу қаласындағы сауықтыру кешенінің реконструкциясына 563 миллион теңге қарастырылды. 

Мәдениет саласында Аққулы ауданы Ямышево ауылында Мәдениет үйі мен Шарбақты ауданындағы Есілбай ауылында ауылдық клуб салу үшін 429 миллион теңге бөлінді.