Кәсіпқой бокс • 23 Желтоқсан, 2019

Қос боксшы жеңісімен қуантты

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен сенбі күні кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Данияр Елеусінов пен Айдос Ербосынұлы кезекті рейтинг­тік жекпе-жектерін өткізіп, қар­сы­лас­тарын айқын басымдықпен жеңді.

Қос боксшы жеңісімен қуантты

Жартылай орта салмақта жұдырық­та­сатын Данияр Елеусінов АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласында өткен кәсіп­қой бокс кешінде шаршы алаң­ға көте­рі­ліп, америкалық боксшы Алан Сан­честен тех­ника­лық нокаутпен басым түсті. 10 раундқа жоспарланған кезде­судің төртінші раундында Санчес сол көзінен жарақат алған соң, дәрігерлер оған жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді. Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Ал Ресейдің Красноярск қаласында жекпе-жек өткізген екінші орта салмақтағы қандасымыз Айдос Ербосынұлы вене­суэла­лық Омар Гарсиямен жұдырықтасып, сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бостағы 13-ші жеңісі. Сондай-ақ Айдостың еншісінде WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental белдігі бар.