Хоккей • 23 Желтоқсан, 2019

Ірі есеппен жеңіске жетті

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Ба­рыс» клубы Мәскеу облысының «Ви­тязь» командасынан басым түсті.

Ірі есеппен жеңіске жетті

Ойынды тамашалауға келген үш мыңға жуық жанкүйер жеті бірдей тамаша голдың куәсі болды. Мұзайдын иелерінен 14-минутта Якуб Ержабек пен 48-минутта Святослав Гребенщиков мергендігімен көзге түсті. Ал «Барыс» сапынан Корбэн Найт (18-минут), Кертис Волк (24) және Дмитрий Шевченко (39) қарсылас команданың қақпасына бір-бір шайба соқса, Линус Виделль 33 және 53-минутта гол соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 2:5. «Барыстың» пайдасына.

Бұл жеңісінен кейін елорда командасы ҚХЛ-дің «Шығыс» конференциясында 50 ұпаймен үшінші орында келеді.