Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2019

Қарағандыда Арысқа көмектескендер марапатталды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Арыс қаласында болған алапат жарылыстың зардаптарын жоюға белсенді ат салысқан бір топ қарағандылыққа Президент атынан алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді.

Қарағандыда Арысқа көмектескендер марапатталды

Салтанатты шара барысында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін марапатталғандарды құттықтаған облыс басшысы Жеңіс Қасымбек Арыс қаласын қалпына келтіру ісіне қарағандылықтардың да қомақты үлес қосқанын атап өтті.

– Гуманитарлық көмектен басқа, біз зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша да қыруар шаруаларды атқардық. Барлық жұмыстар белгіленген мерзімінен бұрын аяқталды. Ең бастысы, тұрғындар дән риза болды. Ел Президентінің жерлестерімізді еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін марапаттағаны біз үшін мәртебе және үлкен қуаныш, – деді ол.

Еңбегі ескерілгендердің арасында Қарағанды облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов та болды. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, «Стройка и К» ЖШС-нің жұмысшысы Сембай Тұяқов Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына ие болды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев пен «ГорКомХоз» ЖШС директоры Мейрам Ысқақов Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

 

Қарағанды облысы