Кеше Италияда А16 тас жолының Неаполь-Каноза учаскесінде орын алған ірі көлік апаты салдарынан кем дегенде 36 адам қаза тапты. Бұл туралы «Франс Пресс» агенттігінің ақпарына сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлап отыр.
Құтқарушылардың айтулары бойынша, қаза болған 33 адамның денесі апатқа ұшыраған автобус ішінен шығарылса, тағы үшеуі қираған көліктің астынан табылған.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Неаполь қаласынан жол жүріп келе жатқан туристік автобустың ішінде 40-тан аса адам, оның біразы балалар болған көрінеді.
Оқиға орнында құтқару жұмыстарын жүргізген өрт сөндірушілердің айтуларына қарағанда, 11 адам, оның ішінде алты әйел, екі еркек пен үш бала апаттан аман қалған. Алайда, олардың көбісі ауруханаға аса ауыр хәлде жеткізілген.
Жол полициясының дерегі бойынша, жол апаты А16 тас жолы Монтефорте Ирпино елді мекенінің маңында орын алған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, автобустың тежегіші істен шыққан көрінеді. Жол үстінде ол бірнеше автокөлікті соғып өтіп шамамен 25-30 метр биіктіктен сайға құлап түскен.
Айдар Өрісбаев.
Суреттер РИА «Новости» сайтынан алынды.