Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге Русьтің шоқынуының 1025 жылдығына орай құттықтау жолдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
«Бұл мерейтой біздің елдеріміздегі руханияттың жандануы, адамдардың өз төл дүниелеріне, мәдениет пен адамгершіліктің бай мұраларына бет бұрған кезеңге тұспа-тұс келіп отыр», делінеді құттықтауда.
Қ.Мәми Патриархтың дінаралық өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту, жастарды тәрбиелеу, адамдардың рухани баюындағы жеке күш-жігерін атап өтті.