Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректері бойынша Қазақстанда 2019 жылдың 11 айында ұшып шығудың едәуір көп үлесі қан айналым жүйесінің аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін орындалды және санавиацияның барлық ұшып шығуының 18,6 %-ын (500-ден астам пациент) құрады.
Жақында ҰШМҮО күшімен жүректің ишемиялық ауруымен 1954 жылы туған Атырау облысының тұрғыны тасымалданды. 2019 жылғы 14 желтоқсанда кешке денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған ер адам тұрғылықты жері бойынша жедел медициналық көмек қызметіне жүгінді және оған дереу медициналық көмек көрсетілген орталық аудандық ауруханаға емдеуге жатқызылды.Санитариялық авиацияч желісі бойынша тромболитикалық терапия жүргізілгеннен кейін пациент қажетті емдеу алған Атырау облыстық кардиологиялық орталығына жеткізілді. Алайда, жай-күйінің нашарлауы салдарынан Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына шұғыл ауыстыру қажет болды. Осылайша, 21 желтоқсан сағат 23:58-де санитариялық авиацияның әуе кемесінің бортында дәрігерлер мен фельдшердің бақылауымен пациент Нұр-Сұлтан қаласына сәтті тасымалданып, жедел ем жүргізу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
Шұғыл медициналық көмек көрсету құрылымында Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестіру орталығына ерекше міндет бөлінген. Шұғыл жағдайлар туындаған кезде санитариялық авиация қызметі пациентті басқа көлікке қарағанда шалғай немесе жетуі қиын жерлерден клиникаға әлдеқайда жылдам және қауіпсіз жеткізеді, бұл біздің елде білікті медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын сөзсіз арттырады.