Руханият • 25 Желтоқсан, 2019

Ресейлік телеарна Денис Тен туралы фильм түсірді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік «Матч ТВ» телеарнасы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы  «Денис Тен. Тринадцать» атты деректі фильм түсірді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресейлік телеарна Денис Тен туралы фильм түсірді

Фильм авторлары Matchtv.ru телеарнасының шолушысы, алматылық Константин Столбовский, қазақстандық спорт журналисі Сергей Райлян. Фильмнің режиссері Максим Откидач.

Денис Тен туралы Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Алексей Ягудин, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин, Денистің тұңғыш жаттықтырушысы Айгүл Қуанышева, Ресейдің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елена Водорезова, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, қоғам қайраткері Жанна Спунер  және басқалар осынау фильмде естелік айтқан.

Айта кетейік, Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ туризм және спорт академиясын үздік бітірген. Қазақ-Британ техникалық университетінің магистратурасын тәмамдаған.

Даңқты спортшы Азия ойындарының (2011), Универсиаданың (2017), Төрт құрлық чемпионатының (2015) алтын жүлдегері. Ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ 2013 жылы Әлем чемпионатының күміс және2015жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Соңғы жаңалықтар