Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Шымкентте көпбалалы ана мен жұмысшы жастар баспаналы болды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов тұрғын үй кезегінде тұрған  көп балалы аналар мен жұмыс істейтін қала жастарына пәтер кілттерін табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте көпбалалы ана мен жұмысшы жастар баспаналы болды

Елбасы мен Президенттің жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында жылдың қорытындысы бойынша қалада жалпы  450 көпбалалы ана мен 904 жас баспанамен қамтамасыз етіледі.  

Жаңа жыл қарсаңында пәтер кілтін табыстаған қала әкімі Ерлан Айтаханов жастар мен көпбалалы аналарды жаңа қонысымен құттықтады.

«Өздеріңізге белгілі, Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Сондай-ақ, Президент көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін алға қойған болатын. Осыған орай, бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар мен жұмыс істейтін қала жастарына пәтер кілттерін табыстап отырмыз. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үй іші береке, бақ пен ырысқа толы болсын! Осындай қуанышты күндеріміз бен қайырымды істеріміз мол болсын» деді Ерлан Қуанышұлы.     
                                                   
Айта кетейік, Шымкент қаласында бюджет есебінен 2019 жылы 1554 пәтерлі 27 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 656 пәтерлі 11 несиелік тұрғын үй, 898 пәтерлі 16 арендалық тұрғын үй болып табылады.