Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Солтүстік Қазақстан полицейлері бір үйлі жанды ажалдан құтқарды

1 мин
оқу үшін

Айыртау ауданынының  патрульдік полицейлері балаларды өрттен аман алып қалды.

Солтүстік Қазақстан полицейлері бір үйлі жанды ажалдан құтқарды

Оқыс оқиға Саумалкөл ауылында тіркелген. «Көкшетау-Рузаевка» трассасы бойында қызмет көрсетіп жүрген патрульдік полиция  инспекторлары үйлердің бірі отқа оранғанын байқап қалады.

«Әріптесім екеуіміз «Көкшетау-Рузаевка» автожолында кезекшілікте жүргенбіз. Таңғы сағат 6 кезінде жанармай құю станциясына жақын үйдің өртеніп жатқанын көріп, жедел жәрдемге ұмтылдық. Баспанаға жақындағанымызда көмек сұраған дауыстарды естідік. Қызыл тілі сумаңдаған өрт ішінен балалар мен екі әйелді алып шықтық» дейді  патрульдік полиция қызметкері Ерлан Данкин.

Үй ішінде екі әйел және кәмелетке толмаған төрт бала болған. 60 жастағы әйел оқыс дыбыстан оянып кеткен.  Осы кезде көмекке жетіп үлгірген тәртіп сақшыларына бір жасар және сегіз айлық қыздарды құтқарады. Қою түтінге оранған бөлменің ішіне Азамат Букуев кіріп, 7 және 17 жасар қыз баланы, үйдің иесі мен 34 жастағы туысын сыртқа шығарады. Үйде ешкімнің қалмағанына көз жеткізген тәртіп сақшылары кезекші бөлімге өрт туралы хабарлап, өрт сөндірушілерді  және жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер балалардың денсаулығына ешқандай кінәрат келмегенін анықтаған.

Соңғы жаңалықтар

Ұлы дала әуені Анкарада

Әлем • Бүгін, 08:45

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Экономика • Бүгін, 08:40

Доп додасының дүбірі естілді

Футбол • Бүгін, 08:35

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Экономика • Бүгін, 08:30

Ырыздық жорығы аяқталды

Шаруашылық • Бүгін, 08:25

135 жылдық тарихы бар турнир

Теннис • Бүгін, 08:20