29 Шілде, 2013

Үздік алтылық анықталды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бірінші кезеңінің аяқталуына бір тур қалғанда жүлдеге таласатын үздік алты клуб пен аутсайдер алты команда анықталды.

Нурбол Жумаскалиев

Ол жексенбі күні өткен турдың нәтижесімен белгілі болды. Енді Премьер-лиганың екінші кезеңінде «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер», «Ертіс», «Ордабасы» және «Қай­рат» жүлделі орындарға таласса, «Тобыл», «Атырау», «Жетісу», «Вос­ток», «Тараз» және «Ақжайық» к­е­­­лесі маусымда Премьер-лигадағы өз орнын сақтап қалу үшін күш сынасатын болады.

Соңғы турда Алматының «Қай­раты» өз алаңында Павлодардың «Ертіс» командасын 3:2 есебімен ұтып, 30 ұпаймен үздік алтылықтың қатарына қосылса, өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» клубын 3:1 есебімен жеңген Қостанайдың «Тобылы» 27 ұпаймен жетінші орында қалып қойды.

Турдың басқа ойындары мынадай есеппен аяқталды: «Тараз» – «Астана» 0:0, «Атырау» – «Ақ­­жайық» (Орал) 1:0, «Восток» (Өскемен) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:0, «Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» 0:1.

Осы турда «Тобылдың» шабуылшысы Нұрбол Жұмасқалиев (суретте оң жақта) «Жетісудың» қақпасына ойынның 88-минутында Қазақстан чем­пио­на­­тындағы 148 голын соғып, ел бі­­рін­шілігінің тарихындағы үз­дік сұрмерген атанды. Сөйтіп, Олег Литвиненконың рекордын жаңартты.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00