29 Шілде, 2013

Досы көпті жау алмайды

748 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қуатты әскер, қауқарлы әскери техника керек-ақ, бірақ ең басты қажеттілік – достық, ынтымақ. Әсіресе, бауырына баршаны сыйғыза созылған тұтас қара жерді «шекара» деп бағанмен бөліп алып көрші отырған елдер арасындағы татулық-береке мен бақыт бастауы. Көршісі үшін «қазан алса үлкенін, етік алса екеуін алу» қажет деп ұғынатын, оны алыстағы ағайыннан артық деп бағалайтын халқымыз шекаралас елдермен ақжарқын пейілде аралас-құралас болуға қашанда дайын. Жуырда Ақтау қаласында Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, әскери лауазым дәрежесі бойынша ҚХР-да екінші адам болып саналатын генерал-полковник Фань Чанлун ресми сапармен болды. 

IMG 9749-111

Тәуелсіз еліміздің әскери қуаттылығын арттыру, құры­лық­­тағы шекарамен бірге теңіз бет­тегі шекараны күзету, сол арқы­лы елдің тыныштығы мен экологиясын, теңіз байлықтарын қорғау егемендікті алған соң-ақ жедел қолға алынған істердің бірі болатын. Нақтырақ айтсақ, Елбасы Н.Назарбаев 1993 жыл­дың 2 сәуірінде «Қазақстан Рес­публикасының Әскери-теңіз күш­терін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.1996 жылдың 17 тамы­зында Әскери-теңіз күштері құ­рылды. 2010 жылдың 19 тамызында жасақталып, қазіргі құрамда Маңғыстау облысының Ақтау қаласына қоныстанған Әскери-теңіз күштерінің әскери-теңіз базасы бүгінде жедел-тактикалық аумақтық бірлестік болып саналады. Оған басқарма, өз алдына дербес немесе өзге де әскери бөлімдермен бірлесе әрекет етуге бағытталған су үстінде жүретін кемелер құрамасы (зымырандық-артиллериялық, шағын күзет және өзге де қызмет түрлерін көрсететін кемелер), гидрографикалық қамтамасыз ету, басқа да бірнеше бөлімшелер жатады.

Қытайлық қонақтарға Әскери-теңіз күштерінің мақсат-міндеті жайында баян еткен ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасы командирі, Ақтау гарнизоны бас­ты­ғы Сәкен Бекжанов әскери әлеует­­ті арттыру бағытында алынып жатқан шараларға тоқталып өтті.

ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-полковник Фань Чанлун бастаған ресми делегация Аста­на қаласында Қазақстан Ре­с­пуб­ли­касының Премьер-Министрі С.Ахметовпен, Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбековпен кездесіп, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын.

– Кездесу нәтижесінде Қы­тай жағы біздің елімізге ауыр техникаға арналған 30 тасымал құралын беруге уағда етті. 30-40 тоннаға дейін ауыр жүк көте­ріп, алыс қашықтыққа жеткі­зу­ге арналған мұндай арнайы тір­­­кеме-қондырғы Қазақстанда шы­ғарылмайды. Әскери-техни­ка­лық ынтымақтастықтың ны­ғаюы екі жаққа да тиімді. Шан­хай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде жылда Қазақстанда Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығуларына қатысып жүр­міз. Алда ҚХР әскери полигонын­да өтетін әскери жатты­ғуға бар­­мақ­пыз. Таяуда Қазақ­стан­да бір­не­ше елдердің барлау күш­тері­нің жа­рысы болып, қытай­лық әріп­тес­теріміз екінші, біз бірінші орын­ды иелендік. Бай тәжірибесі бар, қуаты мықты көршіміздің Ақтауға көңіл бөлуінің біз үшін тиімді жақтары аз емес, – дейді ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Мәртебелі қонақпен бірге жи­­ырмадан аста