Техника қарыштап дамып, адамзат ақыл-ойы шырқау биікке шарықтаған дәл қазіргі кезеңде өмір ағысын электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Бір сәтке бұл игілік болмай қалған жағдайда не істерімізді білмей абдырап, күнкөрісімізге талғажау еткен тіршілігіміз де тұралап қалатыны белгілі. Айтулы саланың жетекші мамандары еліміздегі ең алып мегаполис Алматының бірқатар ауданындағы жерасты электр желілерінің тозығы жетіп тұрғанын алға тартады.

Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, қаланың кейбір жерасты нүктелеріндегі бүгінге дейін қолданылып келе жатқан электр сымдары сонау Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін орнатылғаны анықталған. Оның 45 пайыздан астамының тозығы жеткен. Бұл сымдарды қанша жерден төзімді әрі берік десек те, тоқтың аты тоқ. Сондықтан тілсіз жауға «бармақ басты, көз қысты» қарауға болмайды. Тозығы жеткен жерасты желілерінiң 2500 шақырымы қала балансында. Оны тұтастай ауыстыру қажет. Бұл қыруар қаржыны қажет ететін шаруа. «Электр қуаты болмаған жерде даму жоқ. Демек, өркениетке қосылғысы келетін мегаполис алдымен қуат көздерін реттеп алғаны жөн», дейді мамандар. Алайда әлемнің ақылды қалаларының қатарына қол созған Алматы үшін бұл кешеуілдетпей шешімін табуға тиіс мәселенің бірі. Электр сымдарын жерасты арқылы жүргізудің артықшылығын бүгінде дүние жүзінің дамыған елдерінің тәжірибесі де дәлелдеп отыр. Мұның тиімді тұсын сала мамандары да жарыса айтып жүр.
«Әуе желісіне қарағанда, жерастымен жететін электр жүйесі ауа райында жиі кездесетін табиғаттың түрлі тосын мінезінің зардабына ұшырамайды. Мәселен, дауыл кезінде немесе қатты нөсерде әуедегі желілер апатқа жиі тап болады. Ал жерасты жүйесі тұрақты әрі сапалы жұмыс істеумен қатар, ұзақ мерзімге шыдас береді. Әрине оның құрылыс құны қымбатқа түседі. Дегенмен, эксплуатациялық шығыны төмен әрі техникалық ақауға да аз түседі. Электр қуатының жерасты жүйесіне брондалған желілерді пайдаланған дұрыс. Өйткені оның сыртқы металды қаптамалары химиялық әсерге төтеп бере алады, тапталмайды. Егер сырты қапталмаған желі төселетін болса, арнайы технологиялық қорғаныс жүйелері қолданылады», дейді «Алатау жарық компаниясы» АҚ басшысы Мұхит Үмбетов.
«Алатау жарық компаниясы» бүгінде миллиондар тоғысқан мегаполис Алматы мен Алматы облысының көптеген аумағын электр энергиясымен қамтып отыр. Аталған ұжым өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы нысандарына қуат көзін жеткізумен, таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе. Сонымен қатар «АЖК» АҚ Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесіндегі Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты көршілес елдердегі электр қуаты саласындағы алпауыт компаниялардың сенімді серіктесі. Жалпы, компанияның электр тасымалдаушы желісінің ұзындығы 29 мың шақырымнан асады. Ал трансформаторлы қосалқы стансаларының саны 7 мыңға жуықтайды.
Соңғы уақытта Алматы жұртшылығын электр энергиясымен қамтуда қандай жетістіктер бар? Бұл туралы шаһар мен облыс аумағын тұтас жарықпен қамтып отырған компания өкілдерінен сұрап көрдік.
– Жалпы, өңір халқын жарықтан тарықтырмау оңай шаруа емес. Жауапкершілік пен тәулік бойы тынымсыз жұмысты қажет етеді. Былтыр бірқатар ауқымды шаруа атқарылды. Алматының Түрксіб ауданында жабық пішіндегі жаңа қосалқы станса іске қосылды. Оның ерекшелігі, Алматы қаласын электрмен қамтамасыз ету белдеуін толықтай іске асыруға мүмкіндік беріп отыр. «Жас қанат» қосалқы стансасы Түрксіб ауданының «Жас қанат» және «Қайрат» шағын аудандарын тұрақты және сапалы электрмен қамтыды. Айта кетейік, қала тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның тікелей атсалысуымен 1986 жылдан бері жұмыс істеп келген «Таулы қырат» торабын, аумақта лай көшкіні болған жағдайда, оның қирау қаупі басым болғандықтан, жаңа «Ерменсай» 220/110/10-10 кВ №160А қосалқы стансасына ауыстыру туралы шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда «Ерменсай» қосалқы стансасына жүктемені ауыстыру жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінде заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі зор. Қай салада болсын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшті. Осы тұрғыда біздің компания да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолға алды. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды онлайн тәртібінде ғаламтор арқылы алуға мүмкіндік пайда болды. Бұл үшін тұтынушының электронды цифрлы қолтаңбасы болуы қажет. Яғни әрбір тұтынушы үйден шықпай-ақ өз өтінішін ғаламтор арқылы жолдап, қысқа уақыт ішінде техникалық шарт алуына болады. Өткен жылы аталған жүйені тұтынушыларымыздың 60 пайызы пайдаланып үлгерген, – дейді Мұхит Үмбетов.
«Алатау жарық компаниясы» АҚ бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің басқармаларымен бірлесе жергілікті бюджет есебінен салынған, құны 51,5 млрд теңге болатын электр желілерінің активтерін компания балансына алу жұмыстарын жүргізуде. Бұлардың арасында Ақкент (1,2,3), Алғабас, Ақбұлақ, Думан, Атырау (1,2,3), ҚазПАС, Айша бибі, Қарасу шағын аудандарын, қайтадан салынған тұрғын үй кешендерін және тағы басқа да нысандарды электр желісімен қамтамасыз етуге арналған 6 дана – ПС, 321 дана – ТП/РП, 1383,48 шақырымдық 0,4-220кВ ЛЭП бар. Сонымен қатар Алматы қаласындағы иесі анықталмаған электр жүйелерін (барлығы – 544 нысан, оның ішінде 758,3 шақырымдық 0,4-10кВ ЛЭП, 99 дана ТП/РП бар) екі кезеңмен «АЖК» АҚ балансына алу бойынша жұмыстар да жүргізілуде. Күн санап аумағы үлкейіп келе жатқан Алматыда электр қуатына деген сұраныс та еселеп артып отыр. Осы жылдың бірінші маусымының қорытындысы бойынша, былтырғымен салыстырғанда тұтынушылық қызмет те біршама ұлғайған. Осыдан 10-15 жыл бұрын алматылықтар апаттық жағдайларда жарықты кезек-кезегімен сөндіріп, сағаттап жарықсыз отыруға мәжбүр болатын кездерді де бастан өткерген. Бір қуантарлығы, қалада мұндай проблема қазір атымен жоқ.
АЛМАТЫ
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар