Руханият • 26 Желтоқсан, 2019

Қайта жаңғырған жәдігерлер

971 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған зерттеу және іздеу экспедициясы жұмысының қорытындысы «Сарыарқаның сәндік-қолданбалы өнері және ою-өрнектері» атты көрме түрінде мұражай төрінен орын алды.

Қайта жаңғырған жәдігерлер

Жалпы, облыстық бейне­леу өнері мұражайында би­ыл­дың өзінде төрт бірдей жо­ба іске асырылды. Атап айт­­қанда, «Бір суреттің та­ри­хы», «Қарағандының монументалды өнері: мозаи­кадан стрит-артқа дейін», «Са­рыарқаның сәндік-қол­данбалы өнері және ою-өр­нектері» және суретші Кә­ріп­бек Күйіковтің өмірі мен қызметіне арналған жобалар қала тұрғындары мен қо­нақтары тарапынан жоғары баға алды.

Жоғарыда аталған экспе­ди­ция Қарқаралы, Шет, Жа­ңаарқа, Ақтоғай және Бұқар жы­рау аудандары бойынша тиянақты жұмыс істеді. Нә­ти­же­сінде, ел ішінен қа­быр­ғаға ілінетін тұскиіз, сыр­мақ, қазақтың бесігі, бесікке ар­налған жабдықтар, қобыз, үк­кіш пен келсап, қазақтың дөң­гелек үстелі, ас үй бұйым­дары – саптаяқ, қамшы, малдың етін ілуге және кептіруге ар­нал­ған құрал-аспа, бие сү­тін сапыруға арналған ыдыс-текшелер, оюмен өрнек­телген жастықтар сияқты шебер қол­дан шыққан дүниелер жинас­тырылып, экспонат ретінде көрмеге қойылды.

Сонымен қатар көрме ба­рысында «Сарыарқаның сән­дік-қолданбалы өнері және ою-өрнектері» атты кітап-аль­бомның таныстырылымы өтті.

Мұражайдың ауыз толтырып айтарлық тағы бір жобасы «Бір суреттің тарихы» деп аталады. Оның авторы, музейдің ғылыми қызметкері Айгүл Ома­рованың айтуынша, бұл жұмыс жергілікті «Saryarqa» телеарнасымен бірлесіп жүр­гізілген. Бірнеше жылғы ерен еңбектің нәтижесінде 11 мың­нан астам мұражай экс­­понаттарының ішінен Қа­ра­ғандының және еліміздің та­нымал авторларының 12 туындысы, сондай-ақ сталиндік қуғын-сүргін кезінде Арқа тө­сіне жер аударылған сурет­шілердің үш шығармасы таң­далып алынып, көрермен назарына ұсынылды.

ҚАРАҒАНДЫ

1

 2