Баймишев Р.Н. 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Фемида» заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық техникалық университетін «геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008-2013 жылдары «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды.
2013-2016 жылдары аталған Орталыққа жетекшілік етті. Осы кезеңде Өңдеу салаларының ашықтығы бастамасы ұлттық хатшылығы EITI жұмысын ұйымдастырып, басшылық етті.
2016 жылдан бүгінге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры қызметін атқарып келді.