–Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайынан ұшып шыққан Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағында құрбан болған және зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен оқыдым. Мен Сіздермен бірге қаза тапқандардың туған – туысқандары мен ет - жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тілеймін, деді Мәдениет және спорт министрі.
Айта кетейік, бүгін 27 желтоқсанда таңертең Алматыда Bek Air әуекомпаниясының ұшағы әуеге көтерілген бетте тиісті биіктікті еңсере алмай апатқа ұшырады. Ресми мәлімет бойынша ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.