Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2019

Сооронбай Жээнбеков Алматы маңындағы әуе апатына байланысты көңіл айтты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.



Сооронбай Жээнбеков Алматы маңындағы әуе апатына байланысты көңіл айтты

«Алматы-Нұр-Сұлтан әуе рейсі апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қырғыз халқы мен өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз» делінген көңіл айту жеделхатында.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Президенті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлаған болатынбыз.