«Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы маңында болған ұшақ апатында қаза болғандар мен зардап шекендердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.