29 Шілде, 2013

Сараптама сабақтары

318 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Бес жылдан бері әлемді жайлаған қаржы-экономикалық дағдарыс пен жаһандық рецессия толастаудың орнына одан әрі жалғасуда. Алайда 2008 жылы басталған депрессия бүкіл әлемді шарпығанымен, олардың АҚШ пен Еуропа Одағы экономикаларына келтірген залалы ұқсас, бірақ салдары бөлек. Бүгінгі таңда бұл айқындалып келеді. Мәселен, дәл қазір АҚШ экономикасы қайта жандана бастады. Алайда Еуропа аумағындағы экономикалық ахуал мүлде мүшкіл. Бұлай түйіндеуге әлгі дағдарыс пен рецессияның салдарын терең де мұқият зерттеген Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық макроэкономист Пол Кругманның дәйекті сараптамалары негіз болып отыр.

Безымянный

 

Америкалық макроэкономистің пайымдары нені аңғартады?

Бес жылдан бері әлемді жайлаған қаржы-экономикалық дағдарыс пен жаһандық рецессия толастаудың орнына одан әрі жалғасуда. Алайда 2008 жылы басталған депрессия бүкіл әлемді шарпығанымен, олардың АҚШ пен Еуропа Одағы экономикаларына келтірген залалы ұқсас, бірақ салдары бөлек. Бүгінгі таңда бұл айқындалып келеді. Мәселен, дәл қазір АҚШ экономикасы қайта жандана бастады. Алайда Еуропа аумағындағы экономикалық ахуал мүлде мүшкіл. Бұлай түйіндеуге әлгі дағдарыс пен рецессияның салдарын терең де мұқият зерттеген Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық макроэкономист Пол Кругманның дәйекті сараптамалары негіз болып отыр.

Безымянный

 

Мәселен, айтулы ғалымның 2008 жылы жарық көрген «Де­прес­сия экономикасы қайта оралды ма?» (The Return of Depression Economics?) атты еңбегінде «Дағ­дарыстар неге орын алады?», «Эко­номикалық дағдарыстардың сал­дарын қалай тізгіндеуге болады?» сияқты өткір сауалдардың жауабын іздесе, 2013 жылы бас­падан шыққан «Бұл дағдарысты дәл қазір тізгіндеу керек!» («End This Depression Now!») ат­ты және бір сараптамалық зерт­теуін­де жойқын депрессияны ауыз­дықтаудың нақты жолдары мен әдістерін іздестіреді.

Аталған зерттеулерінің ал­дың­ғысында Пол Кругман 2008 жылы оқыс басталған қар­жы-экономикалық дағдарыс дауылының тек экономис­тер мен саясаткерлерді ғана таң­ғалдырып қоймай, қарапайым аме­рикалықтарды да төбелерінен жай түскендей еткенін жасырмайды. Олай болатын да жөні бар екен. Себебі, соңғы 25 жыл ішінде АҚШ-та мұндай ауыр дағдарыстың нышаны байқалмапты. Ал кезінде АҚШ экономикасын жарға жыққан «Ұлы күйзеліс» болса, бұдан 90 жыл бұрын, яғни өткен ғасырдың 20-жылдарында орын алған болатын. Сондықтан да ондай жойқын дағдарыстар Америкада енді қайталанбайтындай көрі­не­тін. Сосын АҚШ үкіметі мен Федералдық резерв жүйесі экономиканы ара-тұра теңселтіп кететін әлгіндей тербелістерді болдырмаудың күллі тетігін әл­деқашан игеріп алғандай сезінетін.

Өкінішке қарай, жағдай мүлде басқаша болып шыққан еді. 2008 жылы қыркүйек айында, ең алдымен, АҚШ-тағы ең ірі инвестициялық банк – Lehmann Brothers банкротқа ұшыраса, оның артынан іле-шала әлемдегі ең ірі AIG сақтандыру компания­сы да бұрынғы қауқарынан бір сәтте айырылып, мемлекеттің меншігіне өтуге мәжбүр болды. Сол-ақ екен, бүкіл әлем экономикасы дүлей дағдарыстың тұңғиығына малтығып, тұншыға бастаған болатын.

Көп ұзамай-ақ әлгі дағдарыс­тың салдарынан дамыған елдердің өнеркәсіп өндірістерінің қарқыны бірден 10 пайызға құласа, Жапо­ния мен Швеция сынды елдерде бұл көрсеткіш 20 пайызға дейін құлдырады. Тіпті, кейінгі жылдары үдемелі қарқынмен дамып келе жатқан Қытайдың ішкі жалпы өнімі де 2009 жылы 5.1 пайызға дейін төмендеді. Әлемнің көпшілік елдерінің сыртқы сауда саласындағы тауар айналымдарының мөлшері де 20-30 пайызға кеміп кетті. Ал кейбір елдерде бұл көрсеткіш 40-50 пайызға дейін құлдилады. Соның салдарынан әлемдегі ең бақуатты елдердің бірі деп жүрген Исландияның жағдайы күрт мүшкілденіп, Халықаралық валюта қорынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сөйтіп, дағдарыстан зардап шеккен мемлекеттердің жиынтық шығындары шарықтап өсіп, 50 триллион долларға жетті.

Осы тұста, «Әр жыл сайын құны 15 триллионға татитын тауарлар мен қызмет түрлерін қам тамасыз етіп жүрген АҚШ экономикасының осылайша ойсырап қалуына не себеп болды?», – деген сауалдың жауабын америкалық макроэкономист Пол Кругман өз елінің ішінен емес, керісінше, алыстан, атап айтқанда, ертеректе Азия елдерінде болған дағдарыстан іздей бастады.

Мәселен, 1990 жылдары ішкі жалпы өнімі әлемдік ішкі жалпы өнімнің төрттен бірін, ал халықтарының жиынтық саны миллиардтың үштен екісін құрайтын Азиядағы бірнеше мемлекеттің экономикалары кенеттен келген «Ұлы күйзеліске» ұқсас жойқын дағдарысқа тап болған болатын. Әлгі елдердің экономист ғалымдары мен сарапшылары мұны уақытша құбылыс, сондықтан олардың экономикалары, бұрынғыша үдемелі қарқынымен дами береді деп топшылаған болатын. Алайда «Ұлы күйзеліс» кезіндегідей нысаналы шаралар қабылданып, дереу іске асырылғанымен, олар көздеген мақсатқа қол жеткізе алмады. Керісінше, аталмыш шаралар әлгі елдердің экономикалық ахуалын мүлде ушықтырып жіберді.

Әрине, тарих тәлімінен тиісті қорытынды шығара білетін білікті экономистері әлгіндей рецессияның әлемнің кез келген нүктесінде орын алу мүмкіндігін қалт жібермей, дер кезінде секем алатыны күмән туғызбаса керек. Сондықтан да болар, аса тәжірибелі әрі көреген Пол Кругман Азия елдерінің экономикаларын күйретіп кеткен жоғарыдағы дағдарыстың басқа елдерде де орын алу қаупін терең сезініп, өз ғылыми еңбегінің алғашқы нұсқасын Азия кеңістігінде 1990-жылдары орын алған әлгі рецессияға жауап ретінде дайындаған-ды. Алайда айтулы экономист ғалымдардың көпшілігі ол дағдарысты тек Азия елдеріне ғана тән құбылыс, демек, шектеулі ғана дағдарыс деген пайымға табан тіреп, өзге пікірлерге дес бермеген еді.

Ал шындығында, Пол Кругманның көріпкелдігі мүлтіксіз шындық болатын. Енді міне, бүкіл әлем, оның ішінде АҚШ та бар, алапат салдары күллі планетаны шарпыған дүлей қаржы-экономикалық дағдарыспен күні бүгінге дейін жанталаса арпалысуда.

Пол Кругманның топшылауынша, адамзат бүгінгі таңда кенеттен келген қаржы-экономикалық дағдарыспен жоғарыдағы Азия мемлекеттері секілді бетпе-бет келіп, олармен шамасы келгенше, өздерінің сарапшы ғалымдары мен саясаткерлері қалыптастырған ескі экономикалық доктрина шеңберінде күресіп жатыр. Бұрынғы, 1920-жылдары өте алапат экономикалық дағдарысқа тап болған мемлекеттер секілді, бүгінгі Ұлыбритания сынды экономикалары ірі әрі тұрақты дамып келген мемлекеттер де дәл қазіргідей ұзаққа созылған тоқырау мен дефляция тудырған сын-қатерлерге бірден жауап таба алмай, дал болып отырған жайы бар. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, бөрі арығын білдірмес демекші, кезінде британдық экономикалық теорияның негізін қалаған Джон Мейнард Кейнс (John Maynard Keynes) пен Нобель сыйлығының лауреаты, ақша айналымы мен монетарлық теорияның авторы, америкалық экономист Милтон Фридман (Milton Fridman) ұсынған ілімдермен қаруланған батыс экономистері бұдан былайғы кезде де өз тәжірибелері мен біліктерінің кез келген дағдарыстың алдын алуға әбден жеткілікті екендігіне өте сенімді екендерін жасырмайды. Ал іс жүзінде әлгі сенім өзін-өзі ақтамады. Шындап келгенде, 1970-жылдан басталған онжылдық нағыз тоқырау мен инфляция онжылдығына айналды. Сөйтіп, 1973 пен 1979 жылдар арасында 1930 жылдардан бермен қарай болып көрмеген өте алапат рецессия орын алды.

Батыстың оза дамыған елдерінің тағы бір олқылығы олар Мексикада, одан соң Латын Америкасының Бразилия, Чили, Аргентина және басқа да елдерінде, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде жиі-жиі орын алып келген валюта дағдарысынан да, банк жүйесі дағдарысынан да, тіпті, гиперинфляция дауылдарынан да тиісті сабақ алған жоқ. Оның үстіне, әлемнің екінші экономикасы болып саналатын Жапонияның қаржы-экономиялық дағдарысының бас­ты себептері де тиісті дәрежеде қаперге алынбады. Тіпті оған терең сараптама да жасалмады.

Міне, бүгінгі таңда осы олқылық­тардың орнын Пол Кругманның терең зерттеулері толтырып тұрғандай әсер қалдырады. Олай деуге толық негіз бар. Өйткені, айтулы экономистің назарынан планета бетіндегі елдерде өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бас­тап бүгінгі таңға дейінгі орын алып келген үлкенді-кішілі қаржы-экономикалық дағдарыстар мен рецессиялардың бірде-бірі тыс қалмаған. Сосын, белгілі бір елдерде орын алған дағдарыстар мен рецессиялардың әлгі елдермен жапсарлас жатқан немесе сол елдермен экономикалық қарым-қатынастарға түскен алыс-жақын елдерге д