Қоғам • 28 Желтоқсан, 2019

ІІМ апатқа ұшыраған Рүстем Қайдаровтың отбасына көңіл айтты

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының ішінде ІІМ-нің Құрметті ардагері Рүстем Қайдаров та болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ІІМ апатқа ұшыраған Рүстем Қайдаровтың отбасына көңіл айтты

Ішкі істер министрі және ІІМ-нің жеке құрамы Рүстем Есімханұлының туған- туыстарына, жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтты.

Рүстем Қайдаров - әділет генерал-майоры, өз еңбек жолын қарапайым тергеушіден бастап, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына дейін көтерілді. Рүстем Есімханұлы қазақстандық полицияның қалыптасуы мен дамуына, қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті сақтауға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздің әр түпкірінде басшылық лауазымда лайықты қызмет атқарып жүрген құқық қорғау жүйесінің көптеген қызметкерін тәрбиелеп шығарды.

«Ол құрметті еңбек демалысында жүрсе де қоғамдық өмірге белсене араласты, қазақстандық полицияның жаңа буынын патриоттық рухта тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғау ісіне үлес қосты. ІІМ-нің Құрметті ардагері Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың қайғылы қазасы бүкіл еліміздің құқық қорғау жүйесіне орны толмас ауыр қайғы екені сөзсіз», -делінген хабарламада.