Қазақстан–Түркіменстан шекарасында орналасқан «Темір–баба» кеден бекетінің автоөткелінде Түркіменстан азаматының заңсыз әрекеті әшкереленді. Оның жол сөмкесінен декларацияланбаған және кедендік бақылаудан жасырылған 49 200 доллар табылған .
Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 209-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Гүлайым Шынтемірқызы,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы