30 Шілде, 2013

Қарағандыда бұрынғы әкімге күдік келтіруде

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Караганда-преступление

Қарағанды облысындағы Майоровка ауылының бұрынғы әкімінің туысы жерлестеріне травматикалық қарудан оқ жаудырды. Бұл туралы «Курсив» жазады.

Осы ауылдың бұрынғы әкімі Төлеген Оспановтың ағайыны әуеліде ауылдастарымен төбелеседі. Артынан куәгерлердің айтуынан мәлім болғанындай, қызметтік көліктің рулінде Төлеген Оспанов болады да, сол көліктің ішінде отырған туысы жергілікті жастарға оқ жаудырады. Соның салдарынан жиырмаға жуық адам жарақат алған көрінеді. Ал біреуінің халі өте мүшкіл.

Т. Оспанов өзінің осы оқиғаға қатысы жоқтығын, керісінше туысының басқалардан зәбір көргенін айтады. Сондықтан қайтадан ауыл әкімі болуға үміттеніп отырған бұл азаматтың іс-әрекетін тексеру мақсатымен облыста арнайы комиссия құрылды.

Данияр Түймебай.