Сұхбат • 31 Желтоқсан, 2019

Рауан Кенжеханұлы: Дамыған елдер, озық қоғамдар ең әуелі мазмұнымен алда

1156 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін
Рауан Кенжеханұлы: Дамыған елдер, озық қоғамдар ең әуелі мазмұнымен алда

– Рауан Кенжеханұлы, «100 жаңа оқулық» жобасының бүгін­ге д­ейін жет­­кен жетістігі һәм бол­а­шаққа жос­пар­­ланған бағ­да­ры турасында айтып өтсеңіз. Соңғы бір жылда нақты қандай жұ­­мыс­­тар атқарылды?

– «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бас­талғалы үш жылға таяу уақыт өтті. Жо­ба­ның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы әлем­­нің ең жақсы деген оқулықтарын ауд­а­­рып, еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізу, сол арқы­лы гу­ма­ни­­­­тарлық білім мен ғы­лым­ның маз­мұнын жа­­ңарту. Осы аралықта 47 оқулық ауда­­ры­лып, 132­ оқу орнына таратылды. Олар – философия, әлеуметтану, психоло­гия, тіл білімі, дінтану, тарих, әдебиет және өн­ер­­тану, құқық, саясаттану, эконо­ми­ка мен кә­сіпкерлік, менеджмент пен мар­­­­ке­тинг, медиа мен журналис­ти­ка сала­ларын қамтиды. Оқу­лық­тарды елі­­­міз­дің жоғары оқу орын­­дарының оқы­­­­ту­шылары мен ға­лым­дары ұсы­на­­ды. Бұл – негізінен дүние­жүзінің маң­­дайалды универ­си­теттерінің оқу бағ­да­рл­ама­ла­­рына кірген, әлемге танымал ға­­­лым­­дар­­дың миллиондаған данамен тарал­ған кітаптары. Атап айтсақ, Энтони Кен­ни­дің «Батыс фило­софиясының тарихы», Джор­дж Рицердің «Әлеуметтану тео­рия­­­сы», Эллиот Аронсонның «Көп­­ке ұм­тылған жалғызы», Ка­рен Армстронгтың «Құ­­дай­тану баяны», Эрнст Гомбрихтың «Өнер тари­хы», Грегори Мэнкьюдің «Эко­­но­миксы», Филип Котлердің «Мар­­­ке­­тинг негіздері» және басқа да атақ­ты ғалымдар мен автор­лар­дың танымал оқулықтары ауда­рыл­ды.

100 оқулық жобасынан тыс, биыл бір­қа­тар түсіндірме сөздіктер дайындап, басып шығардық. Ол – «Қазақ тілінің кірме сөз­дер сөздігі», «Оксфорд әлеуметтік ғы­лымдар сөздігі» және «Оксфорд эконо­ми­ка сөздігі». Сонымен бірге, Ювал Харари­дің «Homo Deus: болашақтың қысқаша тарихы» және «XXI ғасырға 21 сабақ» атты кітаптары, Фредерик Старрдың «Ұмы­тыл­ған ұлылық: Орталық Азияның араб шап­қыншылығынан Әмір Темірге дейінгі алтын ғасыры» атты кітабы аударылып шық­ты. Қазір кезекті 30 оқулық аударылып, баспаға дайындалуда. Олар келер жыл­дың басында басылып, таратылады.

о

– Жаңа жылда оқырманын қуан­та­тын 30 кітап тізіміне қандай авторлар енді? Бас­ты-бастысын атап өтсеңіз?

– Келер жылы басылатын топтамада театр мен кино өнері, сценарий жазу, білім беру теориясы мен педагогика, этика мен эстетика, зияткерлік меншік құ­қы­­ғы, ағылшын құқығы мен азаматтық про­цесс, микро және макро-экономика, ста­тистика, жеке қаражат, әлемдік музы­ка тарихы, әлеуметтік зерттеу әдістері се­кілді бағыттар қамтылды. Атап айтар бол­сақ, Жиль Делездің киноға арналған екі томдық еңбегі, Лурьенің «Тарихи этнологиясы», Фрейлихтың «Кино теория­сы», Кембридждің «Музыка тарихы», Паркиннің макро және микро-экономика оқулықтары бар. Кітаптар аударылып, баспаға дайындалу үстінде. Бұл 30 оқу­лық­ты қосқанда, аударылған кітап саны 77 болады. Сонымен қатар 2020 жы­лы ауда­руға ұсынылып, бекітілген 23 оқу­лық­тың тізімі де бар. Бұл тізімге шы­ғыс философиясы, соның ішінде Қытай, Үнді, Жапон, Араб және Ислам философиясына арналған оқулықтар, тарих пен этнография, демография, келіссөз жүргізу, әлеу­меттік жұмыс және әлеуметтік саясат тақы­рыбын қамтитын құнды еңбектер кірді.

– «100 жаңа оқулық» жобасы қолға алын­­ған үш жылға жуық уақыт ішін­де аударма және аудармашылар жұ­мысын тиім­ді ұйымдастырудың белгілі бір отан­­­дық әдіс-тәсілін қалып­тас­тыра ал­ды­­­­ңыздар ма?

– Рас, бұл жобаның бір мақсаты – заманға сай отандық аударма мектебін қалыптастырып, оны күшейту. Ондай мектеп те, аудармашы мамандар да өздігінен пай­да болмайды. Ол үшін осындай ауқым­ды, жүйелі аударма жұмысы қажет. Қазір жо­баға 300-дей маман қатысуда. Олар – ау­дар­ма­шы­лар, ұстаздар мен ға­лым­дар, тілші-редакторлар. Бұл ұжым әр кітапты аударып, оны баспаға дайындау барысында бірін-бірі толықтырып, бірі­нен бірі үйреніп, әрқайсысы маман ретінде күннен күнге өсіп, кәсіби орта ретінде кемелденіп келеді. Жұмысқа кіріспес бұрын біз ең әуелі аударма жұмысы кең жолға қо­йыл­ған елдердің тәжірибесін зерттедік. Содан түйге­німізді өзіміздің ыңғайымызға қарай бейім­деп пайдаландық. Әрине, жұмыс барысын­да әдіс-тәсілдер дамып, жетіліп отырады, бұл – тоқтаусыз процесс. Аудар­ма­ға негізінен тіл білетін, әрі оқулықтың пәнін түсінетін мамандарды тартуға тырысамыз. Оқулықтар көлемді болғандықтан, оны бөлім немесе тарау-тарауға бөліп бір­неше маман аударады. Осыдан кейін сол пәнді терең білетін ғылыми редактор аудар­ма мәтінді оқып, өз пікірлері мен еске­р­ту­лерін айтады. Бұдан соң кезек әдеби ре­дакторға келеді. Оның міндеті – аударма мәтіннің жатық, қазақ тілінің заңды­лықтары мен нормаларына сай, ұғы­нық­ты да сауатты шығуын қамтамасыз ету. Кейбір ерекше күрделі кітаптарды аудар­машылар тобында болмаған, «сырт көз» маманға оқытып пікір сұраймыз. Соны­мен бірге, әрбір аударылған оқулық жоғары оқу орындарының тиісті кафедрала­рын­да оқылып, құпталады. Осылайша, әр кі­тапты аударып, баспаға дайындауға бір топ маман, кейбір көлемді, күрделі басы­лым­дарға жиырмаға тарта адам қатысады.

о

– Аудармашылардың біліктілігі қандай талаптарға сүйеніп таңдалды? Қа­лай десек те ғылыми аударманың тала­бы бөлек. Осы тұрғыдан келгенде тәр­жі­машылар арасында салалық ерек­­шелікке сай тілді де, белгілі бір пән­ді де терең меңгерген маман­дар бар ма? Ғы­лыми дәлдікке қаншалықты мән бе­рілді?

– Дұрыс айтасыз. Академиялық аудар­ма­ның өз ерекшеліктері бар. Оны пәнді бі­летін, терең түсінетін, әрі екі тілді де жақ­сы меңгерген ғалымдар жасауы тиіс. Пәнді білетін, оны кітаптың түп­нұс­қа тілінде оқып түсіне алатын және түсінгенін қазақ тілінде сауатты, ұғы­нық­ты етіп жаза алатын маман табу қиын. Он­дай адамдар өте аз. Сондықтан да, түр­лі мамандардың басын қосып, оларды ортақ нәтижеге, жұмыла еңбек етуге ша­қырудан басқа амал жоқ. Әлбетте, аудар­машы, ғылыми редак­тор және әдеби редакторлар арасында пі­кірталас болады. Ғалымдар ғылыми дәл­дікті айтып, мұндай кітаптарды оқу үшін адамға дайындық керектігін алға тарта­ды. Мұндай мәтіндер баршаға бірдей түсі­нікті болуы шарт емес дейді. Ал әдеби редак­торлар аударма мәтіннің жатық, оқуға жеңіл болуын талап етеді, көркемдік тұрғы­дан жоғары талап қояды. Меніңше, осын­дай кәсіби талқы неғұрлым көп болса, әр маман өз пікірін ашық, қажет болса, ашы­на айтып, шын жанашырлық көрсетсе, аудар­ма соғұрлым жақсы шығады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» бағдарламалық мақа­ла­сы­ның әу бастағы негізгі мақсаты һәм бас­ты идея­сы – қоғамдық сана­ны өз­гер­туге ба­­ғыт­­талды десек, бұл талап­қа қазақ ті­­­ліне аударылып жатқан 100 жаңа оқу­­лық қаншалықты жауап бере ала­­ды деп ойлайсыз? Бекітілген тізімнің атал­­­­ған ұстанымды ілгерілетудегі ық­па­­­­лы қандай?

– Аударылып жатқан оқулықтар – мазмұн тұрғысынан біздің гуманитарлық білім мен қоғамдық сана үшін шын мәнінде үлкен олжа. Бұған дейін тек шамасы жеткен ұстаздар ғана бұл оқу­лық­тарды ара­гідік аударып, оқу барысына қосып жүр­ген. «Болашақ» бағдарламасымен сырт­­та оқитын жас­тар осы кітаптардың не­гі­зінде білім алады. Өзіміз де солай оқы­­дық. Сонда «осы кітаптар қазақ тілі­не аударылар ма екен» деп армандай­тын­быз. «Болашақ» он мың адамға жол ашып, жақсы білім алуға мүмкіндік берді. Ал мына жоба сондай мүмкіндікті жүз мыңдаған студентке сыйлап отыр. Елі­міз­де 500 мыңдай студент бар, соның оннан бірі ғана осы оқулықтарды түсініп оқып, кейін маман ретінде ортаға қосылып, іске кіріссе, сала-салада, жалпы қоғамда, сөз­сіз, ұлан-ғайыр өзгерістер болады. Өз басым оған кәміл сенемін.

– Жоба қолға алынғалы бері талай ше­телдік білікті аудармашы ма­мандар­мен бірлесе жұмыс істеу, тәжіри­бе алмасу мүм­­кіндігі бұйырды. Әлем­дік аудар­ма және жалпы кітап шыға­ру, оны та­ра­­ту һәм насихаттау мәсе­лесінде қа­зақ ең әуелі нені басты назар­ға алуы немесе үй­­ренуі керек деп түй­діңіз?

– Түйгеніміз аз емес. Біріншіден, да­мы­ған елдер, озық қоғамдар ең әуелі маз­мұ­нымен алда. Қоғамның қуаты, елдің әлеуе­ті білім және интеллектуалдық мазмұнның дең­гейіне сүйенеді, содан нәр алады. Мық­ты экономика да, тегеурінді саясат та сол мазмұннан шығады. Екіншіден, кез-келген тілдің де қуаты сол тілдегі заманға сай, кең сұ­ранысқа ие мазмұнның жемісі. Ондай маз­мұны жоқ тілдің болашағы да жоқ. Ағыл­шын тілінің күші – ең әуелі ғылым мен білімде. Ал оны алға сүйрейтін сол тіл­де мол мазмұн жасап отырған оқу орын­да­ры мен бас­палар. Үшіншіден, оқулық құрас­тыру, оны жыл сайын жаңарту және басып, тарату – өте күрделі индустрия, үлкен бизнес. Жақсы оқулық авторлары өте ауқатты адамдар. Жақсы оқулық, әдет­те, өте қымбат. Мысалы, біздің тізім­де­гі кейбір оқулықтардың ағылшын ті­лін­дегі нұсқалары дүкенде 200-250 доллар тұ­рады. Студенттер оны бірінен бірі сатып алып, екінші, үшінші кезек пайдалана­ды. Сол оқулықтар біздің студенттерге те­гін жетіп жатыр.

Меніңше, осы оқулықтарды аударуға қа­тысқан біздің мамандар мен ғалымдар оқу­лық құрастырушы автор ретінде де көп тә­жірибе жинады. Оқулық құрастыру техно­­логиясы, оның мазмұны, тілі мен стилі, мысалдары мен жаттығулары, кейс­те­рі мен көрнекіліктері, қосымша материалдары, тағысын тағы... Осының барлығы өзінше бір әлем. Дүниежүзінің ең үздік оқулықтарын аудару арқылы мамандарымыз сол әлеммен танысып, оның қыр-сырына бойлауға мүмкіндік алды. Енді сол ортадан жаңа үлгідегі төл оқулық авторлары шығады деп ойлаймын.

ошщ

– Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда тұлға және маман ретінде қалыптасуға кө­­мек­тесетін түрлі мотивациялық, пси­­­хо­­логиялық кітаптарды жаппай оқу әсі­ресе жастар арасында жа­­һандық үл­кен қозғалысқа айналып кетті. Ал Ұлт­­тық аударма бюро­сы арқылы жүзе­ге асып жатқан осын­дай әлемдік бест­сел­­лерлердің қазақ тіліндегі нұсқасына оқыр­ман сұра­ны­сы қай деңгейде?

– Сұраныс өте үлкен. Мәселен, былтыр аударылған Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» деген кітабы біздегі кітап дүкендерінде 10 жыл бойы бестселлер қатарында. Орысша басылымдарын Ресейден жеткізіп үлгермейді. Сол секілді бүкіл әлем жарыса оқып, тал­қы­лап жатқан Ювал Хараридің «Sapiens: адам­зат­тың қысқаша тарихы», «Homo Deus: болашақтың қысқаша тари­хы», «XXI ғасырға 21 сабақ» секілді кі­тап­тарына деген қызығушылық жоғары. Осындай бүкіл әлем оқып, дәл қазір талқылап жат­қан кітаптарды орысша басылымымен жа­рыса қазақша шығарып жатырмыз. Бізде мұндай кітаптарды қазақ тілінде оқу, талқылау, пікір білдіру мәдениеті қа­лып­та­сып келе жатыр. Бұл алда жасалуы тиіс үл­кен жұмыстың басы ғана.

– Қазақ тіліне аударылған оқу­лық­­­тардың студент, оқытушылардан бөлек, қарапайым қалың оқырман ара­­сын­­дағы қолжетімділігі қанша­лық­ты қа­рас­ты­рылған?

– Жоба аясында аударылған оқулық­тар­дың әрқайсысы 10 мың данамен ба­сы­­лып, еліміздегі барлық жоғары оқу орын­­дарына, соның ішінде жеке мен­шік уни­­верситеттерге де тегін таратылу­да. Сонымен бірге оқулықтардың электрон­ды нұсқаларын интернет арқылы еркін оқу­ға болады. Олар «Қазақстан ашық уни­­верситетінің» платформасында ор­на­­ластырылған. Сондай-ақ кітаптарды сатып алғысы келетін көпшіліктің сұ­ра­уы бойынша қосымша тираж басы­лып, кітаптар еліміздегі ірі кітап дүкен­де­ріне де жетті. Өкінішке қарай, кітап дү­кен­деріндегі қазақ тіліндегі кітап әлі аз. Сұ­­раныс бар. Меніңше, сұраныс артуы үшін ұсыныс көбеюі қажет. Бір жақсысы, аудармаға ден қойған баспалар мен жеке бас­пагерлер көбейіп келеді. Бұған да қоз­ғау салған осы жоба болды десек, артық айт­қандық болмас.

– Әлемдегі озық тәжірибелердің бірі – «Ашық университет» плат­фор­ма­сының Қазақ­стандағы тәжіри­бесі тура­сында ай­тып өтсеңіз? Мұ­ның артық­шылығы неде?

– Интернет технологиялары дамыған сайын ол технологияларды білім беру мақ­сат­тары үшін тиімді пайдалану мүмкін­дік­тері артып келеді. Бізде оны «қашықтан оқы­ту», «онлайн оқыту» технологиялары деп атап, көп оқу орындары кеңінен іске қосып жатыр. Дүниежүзінде қазір осы әдіспен білім алатын адам саны 150 миллионнан асты. Бұл технологиялар білімнің са­па­сын арттыруға да, оның қолжетімдігін қам­тамасыз ету мәселесін де өте тиімді ше­шуге жол ашады. Білім алғысы келетін адам ең озық мазмұн негізінде, ең жақсы ұстаздардың қатысуымен дайындалған оқу курстарын өзіне ыңғайлы жерден, өзі­не ыңғайлы уақытта онлайн көріп, оқып, тыңдай алады. Біздің есебімізше, бү­гінде 30 мыңға тарта қазақстандық студент осындай шетелдік онлайн университет­тен білім алып жатыр, олардың дені ресей­лік платформалар. Бізде бұл сала енді-енді қалыптасып, дамып келеді. Оны же­дел дамыту үшін сапалы оқу контентін кең ауқым­да тездетіп жасақтап, оларды пай­да­лану әдіс­темесін жетілдіру қажет. «100 жаңа оқулық» жобасы аясында ауда­рыл­ған жаңа оқулықтар негізінде осындай техно­логия бойынша оқытуға қажетті онлайн курстар жасалып жатыр. Қазір 150-ден аса курс дайындалды. Бұл жалпы саны – 3,5 мыңнан аса лекция, 1200 сағат видео кон­­тент. Жасалып жатқан «Қазақстанның ашық университеті» еліміздегі барлық оқу орын­дары мен студенттері ортақ пай­да­ла­на­тын жаңа үлгідегі білім беру плат­фор­­масына айналуы тиіс. Осы орайда ше­шімін күтетін заңнамалық мәселе бар – біз­дің білім туралы заңда қашықтан немесе онлайн оқыту деген ұғым жоқ. Осы мәсе­лені шешу үшін Білім және ғылым минис­тр­ілігімен бірге жұмыс істеп жатыр­мыз.

– Қазіргі қазақ әдебиеті анто­ло­гия­­­сының 6 тілде жарық көруі қазақ ақын-жазушылары шығармаларының әл­ем­­ге танылуына жол ашқан тамаша жоба бол­­ғаны анық. Тіпті бірнеше мемлекет­те тұ­саукесер рәсімі де өтті. Жал­пы, қа­зақ әде­биетін шетелдіктер қалай қабыл­­дап жа­тыр? Пікір алмасу, кері бай­ланыс ор­нату мүмкіндігі бар ма?

– Иә, «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­ма­сының тағы бір тармағы «Жаһандағы за­манауи қазақстандық мәдениет» деп аталатын жобаның аясында қазіргі қазақ әде­бие­тінің екі жинағы БҰҰ-ның 6 тіліне аударылды. Бұл бұрын-соңды біздің тарихта болмаған жағдай. Әрқайсысына 30 автор­дан кірген, көлемдері 600 беттік, біреуі поэзия, екіншісі проза жи­нағы дайындалды. Ең бастысы, ол жи­нақтарды ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріне аударып басуға, сол тілдерде сөйлейтін негізгі елдердің ең беделді бас­палары мен ең тәжірибелі аудармашы­ла­ры атсалысты. Мәселен, ағылшын ті­лі­не Кембридж университетінің баспасы, Араб тіліне Мысырдың ұлттық білім мен мәдениет орталығы, Испан тіліне Сер­ван­тес институтының баспасы, Қытай ті­ліне Қытайдың Ұлттар баспасы, орыс тіліне Мәскеу мемлекеттік уни­вер­си­те­ті­нің баспа үйі, француз тіліне Париж қаласы мәдени бірлестігінің баспалары қа­тысты. Олар аударма мен көркем редак­ция­ға өз елдеріндегі танымал, тәжірибелі ма­мандарды тартты. Қазақ әдебиетін сол тілдердегі оқырманға таныстыру үшін аса беделді әдебиет мамандары мен қоғам қайраткерлері шақырылды. Ол ма­мандар аударманы мұқият оқып, әр кі­тапқа алғысөз жазды. Алғысөз автор­ларының арасында атақты Британ кеңе­сінің төрағасы, Испан корольдік ака­де­миясының бас хатшысы, Араб лига­сы­ның білім, мәдениет және ғылым ұйы­мы­ның төрағасы, Мәскеу мемлекеттік универ­си­тетінің филология факультетінің прези­ден­ті мен Горький атындағы әдебиет инс­ти­тутының басшысы сынды мамандар бар. Осылай дайындалған аударма антологиялар әлемнің 5 құрлығындағы 93 елдің ірі кітапханалары, оқу орындары мен әдеби орталықтарына жеткізілді. Жалпы саны әлемнің 10 мыңдай кітапханасы, 10 мыңдай оқу орыны, 3 мыңдай ғылыми орталығы қамтылды.

Кітаптарды таныстыру да жоғары дең­гей­де өтті. Мысалы, ағылшын тіліндегі ба­сы­­лымдар Лондондағы әйгілі Британ кітап­ханасында, испантілді басылымдар Мадридтегі Сервантес институтын­да, араб тілді аударма Мысырдың жо­ғар­ғы мәдени кеңесінде, француз тілді басы­лым­дардың тұсаукесері Париж қаласы­ның мэриясында өтті. Алты тілге ауда­рыл­ған қазақ әдебиетінің антологиялары дүниежүзінің орталықтандырылған электр­онды библиографиялық жүйесіне кірді. Әлем әдебиеті талқыланатын онлайн жүйе­лерге қосылып, талқыланып жатыр. Жинақ­тарымызды алған кітап­ха­налар мен оқу орындарынан көптеген ризашылық, алғыс хаттар келіп жатыр. Мәселен, Техас университетінің әдеби клубынан хат алдық. Жинақтар кел­ген бойда клубтарында оқылып, талқыланыпты. Ғылыми орталықтар бұл жинақтар арқылы біздің әдебиетті ғана емес, қоғамды, қоғамдық ойды, мә­дениетімізді зерттейтіндерін айтып жатыр.

л

– Соңғы уақытта жазушылар тара­пынан өзге тілде аударылған кі­тап­­та­ры­ның көркемдік сапасы сын кө­тер­мей­тіндігі жайлы жиі естіп жүр­міз. Тіл бей­не­лілігі былай тұрсын, тіпті қара­пайым мазмұнын түсіну мүмкін емес дейді тіл білетіндер. Алты тілде «сөй­ле­ген» антология жұмысында бұл жағы қаншалықты ескеріліп, еңсерілді?

– Ондай алаңдаушылықтың бар екені рас. Сын көтермейтін аударма жасалып, шығып жатқаны өкінішті. Сондай аударма басылымдарды біз жасаған жұмыспен шатастырып, сұрақ қойып жатқан адамдар да бар. Басқа біреудің жасаған жұмысына пікір айта алмаймын. Ондай аударма жұ­мы­сын кім және қалай жасағаны маған бел­гісіз. Ал өзіміз жасаған аударманың жай-жапсарын жоғарыда айттым. БҰҰ-ның 6 тілінде жұмыс істейтін ең беделді де­ген баспаларды жұмысқа қосқандағы басты мақсатымыз – аударма сапасын қам­тамасыз ету болатын. Қазіргі жағдайда жа­салуы мүмкін ең жоғары аударма сапасы­на жете алдық деп ойлаймын.

– Алға қойылған меже еңсеріліп, яғни тізімге енген 100 кітап толық ауда­­ры­­лып біткен соң, болашақта айту­­лы жо­ба әрі қарай жалғасын таб­уы мүм­кін бе?

– Меніңше, ана тіліміз бен өз тілі­міз­дегі білім мен ғылымды дамытамыз десек, аударма жұмысы тоқтамауы тиіс. Тек оқулық пен танымдық кітаптар ғана емес, көркем әдебиет те, кино мен телехикаялар, анимация, веб ресурстар мен видео ойын­дар, жалпы сұранысқа ие мазмұнның бар­лы­ғы аударылуы қажет. Сондықтан бұл жоба жалғаса береді. Мемлекет мұндай ауқым­да қолдай алмаса да, амалын тауып жал­ғас­­тыруға тырысамыз.

– Ұлттық аударма бюросының келер жыл­­ға қандай жоспарлары бар?

– Келер жылдың жоспары да ауқымды. 2019-2020 оқу жылының аяғы­на дейін тағы 30 оқулық шығарамыз. Жыл­дың аяғына дейін тағы 23 кітап ауда­рылып, 100 оқу­лықтың тізімі толады. Одан басқа, келесі жылы Оксфорд баспасымен бірге да­йындап жатқан «Oxford Kazakh Dictionary» деген атпен үлкен қазақ-ағыл­шын және ағылшын-қазақ сөздігі шығады. Бұл аударма сөздігі өте ауқымды, көлемі мың беттен асады, үлкен әрі аса маңызды жұ­мыс болғандықтан, оны асықпай дайындап, келесі жылы шығаруды ұйғардық.

«Қазақстанның ашық университеті» платформасын да 2020 жылы толық іске қоспақ жоспарымыз бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын біз Googlе-аудармашы жүйесіне қазақ тілін қостық. Енді Google компаниясымен бірлесіп, қазақ тіліндегі сөзді тыңдап, оны түсініп, өзі мәтінге айналдыратын және кез-келген басқа тілге аудара алатын жүйені дамытып жатырмыз. Бұйыртса, келесі жылы сол жұмыстың да нәтижесі шығады деп үміттенемін. Бұл ана тіліміздің әлеуетін едәуір көтерер еді. Осы жүйенің болмауынан біз қазір көптеген технологиялық мүмкіндіктерден құр қалып жатырмыз. Бұл – өте көлемді әрі күрделі жұмыс.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»