Тағайындау • 31 Желтоқсан, 2019

Алматыда Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өкімімен білім басқармасына жаңа басшы болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды.

Алматыда Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы №1 қазақ педагогикалық колледжінде мұғалім болып бастаған Л. Жылқыбаева директордың орынбасары, Алматы қаласы Білім басқармасында маман және бөлім басшысы болып жұмыс істеген. Тағайындауға дейін Алматының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 

АЛМАТЫ