Кеңесте миастениясы бар пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ жиналғандар пациенттердің бастамашыл тобын тыңдады.
Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов миастениясы бар пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру, өңіраралық үйлестіру орталықтарын ашу, нормативтік актілерге (стандарттарға, Жол картасына) өзгерістер енгізу, амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттардың тізбесін кеңейту, стационарлық деңгейде төлем тарифін қайта қарау бойынша тапсырмалар берді.