Аймақтар • 02 Қаңтар, 2020

Талдықорғанда Жаңа жыл түнінде 7 сәби дүниеге келді

1001 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы еліміздегі демография өсіміне елеулі үлес қосып отырған өңір. Дерек бойынша өткен жылы аймақта 37 000 нәресте жарық дүние есігін ашқан екен.

Талдықорғанда Жаңа жыл түнінде 7 сәби дүниеге келді

Бала туу көрсеткіші бойынша облыс орталығы Талдықорған қаласы алдыңғы орында. 2019 жылы қала тұрғындарының саны 6600 нәрестеге көбейген.

Ал Жаңа жыл 2020 жыл табалдырықтан аттап жатқанда қала перзентханасында 7 сәбидің кіндігі кесіліпті. Мереке күні дүниеге келген балалардың бесеуі қыз, екеуі ұл екен.